Вернуться к списку статей

“Зенит” – “Эмполи”: Еркебұлан негізгі құрамда алаңға шықты

Футбол
2K
Еркебұлан Сейідахмет –
Италияда жасөспірімдер арасындағы «Viareggio Cup» додасы басталып, қазақтың жас таланты Еркебұлан Сейідахмет «Зенит» сапында алаңға шықты.

Виареджода жалауы көтеріліп, 14 елден келген 40 команда додаға түсіп жатқан халықаралық ірі турнирде топтық кезеңнің бірінші ойындары өтті. Еркебұлан Сейідахметтің қазіргі командасы «Зенит» (Санкт-Петербург) алғашқы кездесуінде тең түсті.

Ресей клубының жастары Италияның «Эмполи» командасының ізбасарларымен кездесіп, 1:1 есебімен тең түсті. Есепті пенальтиден петерборлықтар ашты. 11-метрлік айып добын ойынның 28-минутында Кирилл Капленко соқты.

«Эмполи» жастары 66-минутта таразы басын теңестірді. Ойынның аяғында олардың бір ойыншысы (Carradori) алаңнан қуылды. «Зенит» артық құрамда қанша қыспаққа алса да, Италия командасы сауатты түрде қорғана білді.

Еркебұлан Сейідахмет бұл ойында алаңға негізгі құрамда шықты. Ойын барысында ескерту алды. Ал 59-минутта «Зенит» бапкерлері оны Даниил Культиновпен алмастырды.

3-топтағы бірінші күнгі ойындар нәтижесі:

13 наурыз, дүйсенбі

«Асколи» – «Атлетик Юнион» – 2:0
«Эмполи» – «Зенит-Ж» – 1:1

Ойын хаттамасы (empolicalcio.net сайтынан):

EMPOLI (4-3-1-2): Giacomel; Carradori (71´ Zappella), Zini Alessio, Giampà, Seminara; Di Leo (32´ Buglio), Bellini (79´ Castorani), Picchi (46´ Montaperto); Traore; Jakupovic (46´ Zini Andrea), Olivieri.

All. Dal Canto

A disposizione: Meli, Bianchi, Zappella, Tehe, Viligiardi, Matteucci

ZENIT SAN PIETROBURGO (4-3-3): Goilo; Penchikov, Plotnikov, Rakich, Krugovoy; Kaplenko (63´ Pletnev), Kotov, Musaev (79´ Kazakov), Kirillov (44´ Elovskikh), Saidakhmed (59´ Kultinov) Makeev (88´ Zaprygaev).

All. Simutenkov

A disposizione: Korkin, Ribikov.

ARBITRO: Andrea Colombo di Como

MARCATORI: 28´ Kaplenko (r), 66´ Olivieri

AMMONITI: Saidakhmed, Elovskikh,

ESPULSO: Carradori

Автор: Әлихан Жаппар
Яндекс.Метрика