Екі турда де жеңіске жеткен – «Қайсар» ғана
«Қайсар» екінші рет жеңіске жетіп, премьер-лигада көш бастады. Алаң иелері үшін бұл ойынның басы қатты басталды. Қорғаушылары абдырып қалып, қақпашыларына дер кезінде көмекке ұмтыла алмай, қонақтар есеп ашты. Бірақ қызылордалықтар бірінші таймда тараз басын теңестіре алды.
Екінші таймның ортасына қарай Саиджи Нтибазонкиза өзіне артылған сенімді ақтап, алыстан әдемі гол соқты. Былайша айтқанда, «Қайсарға» жеңіс әперді. Көп ұзамай «Тараздың бір ойыншысы алаңнан қуылып, алаң иелері жеңісті есепті уыстарынан шығармау біршама жеңілдей түсті.
«Қайсар» – «Тараз» – 2:1 (1:1)
Голдар: Мухаметшин, 15 (0:1). Аржанов, 34 (1:1). Нтибазонкиза, 71 (2:1).
Ескерту: Горбанец, 31.
Алаңнан қуылды: Горбанец, 80 (екінші ескерту).
«Қайсар»: Исламқұлов, Әмірсейітов, Ламандж, Курьор (Мулдаров, 90), Евстигнеев, Граф, Байжанов (к) (Сақалбаев, 85), Нарзілдаев, Аржанов, Камара (Нтибазонкиза, 60), Николич.
Қосалқы құрам: Цирин, Алтаев, Алтынбеков, Горячий, Көкеев, Чуреев.
«Тараз»: Бабаханов, Әмірханов, Диара, Молтусинов, Кұрғулин (к), Таубай (Азовский 53), Шипицин, Горбанец, Фещук, Қожамберді, Мухаметшин (Морис, 61).
Қосалқы құрам: Логиновский, Кеңесбек, Шадманов, Зайнутдинов, Нұралы, Байжанов, Қарпық.
Төрешілер: Московченко (Павлодар), Шәріпов, Калачев (екеуі де – Атырау)
12 марта. Кызылорда. Стадион «Локомотив». 3 500 көрермен
Кеншілер клубының мысын басқан «Ақжайық» па, төрешілер ме?
Ойын басталған бетте «Ақжайық» есеп ашып, қонақтарын “нокдаунға” түсірді. Көп ұзамай төреші қонақтар наразы боларлықтай екі шешім қабылдады. Әуелі айып соққысын белгілегендей болды да, көмекшісі дабыл қаға қойды ма, лезде 11-метрлік айып соққысы тебетін нүктені нұсқады. Өйткені «Шахтер» қорғаушысы Айегбуси допты қолымен тоқтатпақ болған еді.
Пенальтиді орындауға Азуа Изу шықты. Оның тепкен добын Игорь Шацкий тойтарды. Бірақ соққыдан бұрын алға шығып кетті. Бас төрешінің көмекшісі мұны қалт жібермей, байқап қалыпты. Бас төреші пенальтиді қайта орындауға мүмкіндік берді. Бұл жолы Нигерия футболшысы мүлт кеткен жоқ.
Осыдан кейін қонақтар еңселерін көтере алмай қалғандай болды. Рас, екінші таймда бір гол соғып, есепті қысқартқан. Бірақ алаң иелері іле-шала тағы бір гол соғып, аптықтарын су сепкендей басып тастады...
«Ақжайық» – «Шахтер» – 3:1 (2:0)
Голдар: Рубио, 2 (1:0). Изу, 8-пенальтиден (2:0). Тәжімбетов, 69 (2:1). Изу, 72 (3:1).
Ескертулер: Сапанов, 21. Төлебаев, 87 – Шацкий, 7. Сзоке, 44,
«Ақжайық»: Төлебаев, Шмидт, Сапанов (к), Одибе, Заречный, Изу (Ерсәлімов, 76), Говедарица, Рибио (Омаров, 85), Валиуллин (Чулагов, 90), Сергиенко, Николич.
Қосалқы құрам: Котляр, Ортиз, Делгадо, Дудченко, Антипов, Шабаев.
«Шахтер»: Шацкий, Пикалкин (Габышев, 57), Тарасов (к), Кадио, Мангуткин, Скорых, Сзоке, Айегбуси (Тәттібаев 73), Станоевич, Аллегриа (Стоянович, 65), Тәжімбетов.
Қосалқы құрам: Багинский, Орал, Васильев, Ермеков, Хайруллин, Әлімбаев.
Төрешілер: Сахи (Қызылорда), Тихонюк (Ақтөбе), Жақсылық (Қызылорда)
12 наурыз. Орал. «Ақжайық» стадионы. 2 500 көрермен
«Қайрат» Көкше клубына қайратын өткізе алмады
«Қайрат» былтыр «Оқжетпесті» өз алаңындағы екі матчта 11:0 есебімен (6:0 және 5:0) тас-талқан қылған еді. Бірақ биыл өткен жылғыдай үстемдік таныта алмады. Қара басып, екі ұпай жоғалтты. Екінші таймның басында қорғаушысы алаңнан қуылып, кем құрамда ойнады. Оңай емес, әрине.
«Оқжетпес» екінші голды соңғы секундтарда пенальтиден соқты. Сөз жоқ, «Қайраттың» бапкерлеріне де, ойыншыларына да бұл пенальти күмәнді болып көрінетін шығар. Бірақ бұл ойында алматылықтардың «Оқжетпес» футболшыларына өте көп еркіндік беріп алғандары өтірік емес.
«Қайрат» Көкше клубын былтырғыдай “қалпақпен ұрып” аламыз деп, арқаны кеңге салды ма? Жоқ әлде, «Оқжетпес» өткен жылғы екі жеңілісінен сабақ алып, есесін қайтаруға тырысты ма? Оны өздеріңіз бағалай жатарсыздар, бірақ Алматы клубы бүгінгі матчтың бірінші таймында өздеріне лайықты ойын өрнегін көрсете алмады.
«Қайрат» – «Оқжетпес» – 2:2 (1:1)
Голдар: Козлов, 19 (0:1). Маркович, 34 (1:1). Аршавин, 83 (2:1). Волков, 90+4-пенальтиден (2:2)
Ескертулер: Ахметов, 45. Исламхан, 56. Маркович, 90+1. Сүйімбаев, 90+4 – Чертов, 35. Козлов, 58. Волков, 81.
Алаңнан қуылды: Ахметов, 53 (екінші ескерту).
«Қайрат»: Плотников, Ахметов, Маркович, Ампоста, Сүйімбаев, Бакаев, Қуат, Исаэль (Иличевич, 84), Жуков (Аршавин, 46), Исламхан (к) (Елек, 60), Гоу.
Қосалқы құрам: Покатилов, Вороговский, Қуантаев, Тұрысбек, Балтабаев, Райымбек.
«Оқжетпес»: Стаменкович (к), Марочкин, Чертов, Еоне, Козлов (Генков, 79), Волков, Политыло, Хорват, Федин, Дайыров, Досмағамбетов (Юрин, 74),
Қосалқы құрам: Әбжанов, Сламбеков, Куксин, Аяғанов, Нұрғалиев, Шайыхов, Әбілғазы.
Төрешілер: Гаузер, Виноградов, Бейжанов (бәрі де – Петропавл)
12 марта. Алматы. «Орталық» стадион. 6 500 көрермен