«Тобыл» «Ақтөбенің» қорғанысын бұза алмады
Өткен турда ірі жеңіске қол жетізген Қостанай клубы бұл жолы екі ұпай жоғалтты. 90 минут бойы Ақтөбе» клубының қорғанысын бұза алмай, пұшайман болды. Бұл ойын «Тобылдың» тұрақты ойын көрсете алмайтындығын білдіретіндей. Ал «Ақтөбе» жарады. Шабуылы жойқын «Тобылға» төтеп берді.
«Тобыл» – «Ақтөбе» – 0:0
Ескерту: Мухутдинов, 73. Шимкович, 87. Сартаков, 90 – Шурыгин, 24. Аслан, 31. Шестаков 80
«Тобыл»: Непогодов, Сартаков, Кассай, Дмитренко, Мирошниченко, Тағыберген, Мухутдинов, Савич (Джалилов, 60), Шимкович (к), Деспотович, Щеткин (Жаңғылышбай, 79).
Қосалқы құрам: Бусурманов, Жулпа, Шубаев, Жақыпов, Жарынбетов, Малый, Молдақараев.
«Ақтөбе»: Отарбаев (к), Дәуітов, Айтбаев, Гуйе, Аслан, Диас Морейро, Боргес Барбоса, Соуза Альмейда (Воловик 62), Шестаков (Ермаченко, 87), Шурыгин (Байтана, 67), Зенькович.
Қосалқы құрам: Тамабай, Әбдукәрімов, Розыбакиев, Кәкімов, Жұмағали, Скворцов
Төрешілер: Тевяшов (Орал), Васютин (Алматы), Лабашов (Атырау)
12 наурыз. Затобольск ауылы. «Затоболец» стадионы. 4 000 көрермен
«Ордабасы» ұтылып қала жаздады
«Ордабасы» да былтыр ала-құла ойын өрнегін көрсеткіндігін еске салды. Бірінші турда ел чемпионын күйрете жеңген оңтүстікқазақстандықтар бұл жолы ұтылып қала жаздады. Ойын аяғында «Атырау» әуелеп ұшқан допты Хорватия футболшысы Обшивац басымен қақпаға дөп түсірді.
«Ордабасының» бағына команда сапында Мардан Төлебек бар. Ойынның негізгі уақытына қосылған бесінші минутта ол айып соққысын орындады. Алыстан ышқына тепкен добы, тосқауыл құрып тұрған қонақтардың бірінің басына тиіп, бағыстын сәл өзгертіп, қақпа ішінен бір-ақ шықты.
«Ордабасы» – «Атырау» – 1:1 (0:0)
Голдар: Обшивац, 83 (0:1). Төлебек, 90+4 (1:1)
Ескерту: Қожабаев, 50. Ковальчук, 80. Төлебек, 83.
«Ордабасы»: Бекбаев, Қожабаев (Жұмаханов, 90+3), Фонтанелло, Ковальчук, Төлебек, Диакате, Бочаров (Бөлешев, 71), Ерланов, Нөсербаев, Нұрғалиев (к), Тұңғышбаев (Гейнрих, 80),
Қосалқы құрам: Бойченко, Марцваладзе, Адырбеков, Әшірбеков, Бейсенов, Тұрсынбай
«Атырау»: Пасеченко, Коробов, Лобжанидзе, Саломов (Эсатов, 87), Томич (Әбдірахманов, 41), Джокич, Обшивац, Қайырәлиев, Маров, Хайруллин (к) (Сапаров, 61), Двалишвили.
Қосалқы құрам: Жомартов, Родич, Мәжитов, Нұрыбеков, Ли, Түлиев
Төрешілер: Кәрлібаев (Орал), Попов, Құсайынов (екеуі де – Астана)
12 наурыз. Шымкент. Қажымұқан атындағы стадион. 8 500 көрермен
«Ертіс» пен «Астана» ұпай бөлісті
«Ертіс» өз алаңында қабылдап, тең түсті. Есепті қонақтар ашты. Серікжан Мұжықов допты доғаша ие теуіп, алыстан қақпа тоғыздығын дәл көздеді. Көп ұзамай алаң иелері таразы басын теңестірді. Доп ойынға бұрыштан қосылып, әуелеп ұшқан доптан астаналықтар көз жазып қалды. Қорғаушылары да, қақпашысы да қапы қалды. Украина қорғаушысы Евгений Ткачук допты қақпаға бағыттады.
«Ертіс» – «Астана» – 1:1 (1:1)
Голдар: Мұжықов, 14 (0:1). Ткачук, 30 (1:1)
Ескерту: Дарабаев, 40 – Постников, 84.
«Ертіс»: Лория (к), Кислицын, Воротников, Ткачук, Двали, Живкович, Гетериев, Дарабаев, Фонсека (Нганбе 90+1), Родриго, Фофана (Джедже, 70),
Қосалқы құрам: Калмыков, Жұмасқалиев, Чернышов, Калинин, Есімов, Шабалин, Алиев
«Астана»: Мокин, Шитов, Аничич, Логвиненко, Постников, Шомко (к), Маевский, Мұжықов, Твумаси (Жалмұқан, 76), Ллуллаку (Мұртазаев, 83), Кабананга.
Қосалқы құрам: Эрич, Жақыпбаев, Наджарян, Прокопенко, Жүнісов
Төрешілер: Измайлов (Талдықорған), Тергеусізов (Алматы), Субботин (Талдықорған)
12 наурыз. Павлодар. «Орталық» стадионы. 3 500 көрермен