Вернуться к списку статей

Футзалдан әлемдік рейтингте тоғызыншымыз

Футбол
2K
Қазақстан футзалшылары әлемдік рейтингте – тоғызыншы. Фото: afckairat.kz
Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы әлемдік рейтингте – алғашқы ондықта. Әзірше тоғызыншы орында тұр.

«Қайрат» шағын футзал клубының ресми сайты жақында жаңартылған рейтингте Қазақстан құрамасының алғашқы ондықта екендігін жариялады. Бүгінде 1465 ұпаймен 9-орынды иеленіп тұр екенбіз.

Естеріңізге сала кетейік, өткен айда Қазақстан құрамасы Беларусь футзалшыларымен екі рет жолдастық кездесу өткізіп, біріншісінде 0:1 есебімен ұтылып қалып, екіншісінде 3:0 есебімен есе қайтарған болатын.

Ал әлемдік рейтингтің үздік үштігінде – Бразилия, Испания және Ресей футзалшылары. Алғашқы ондықта – Аргентина, Италия, Иран, Португалия, Украина және Әзірбайжан құрамалары.

Осы реттей айта кетейік, сәуір айында 2018 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирі басталады. Қазақстан құрамасы 6-топта Чехия, Македония және Дания футзалшыларымен додаға түседі.

Автор: Әлихан Жаппар
Яндекс.Метрика