Вернуться к списку статей

Қайрат Нұрдәулетов – Ұлттық құрама жаттықтырушысының көмекшісі

Футбол
2K
Қайрат Нұрдәулетов. Фото: kff.kz
Қазақстан футбол федерациясының ресми сайты ұлттық құраманың бұрынғы капитаны Қайрат Нұрдәулетовтің Александр Бородюкке көмекші болып бекітілгендігін жариялады.

Қайрат Нұрдәулетов футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Александр Бородюкке көмекші болып тағайындалды. Ол бұрын еліміздің ұлттық құрамасының капитаны болған.

Жалпы, Қайрат Нұрдәулетов Қазақстан ұлттық құрамасы сапында 10 жыл ойнады. Нақтырақ айтқанда, 2003 жылдан 2013 жылға дейін ел намысын қорғап, 35 ойын өткізді. Осы матчтарда бес гол соқты.

Жасыл алаңдағы карьерасында ЦСКА-Қайрат, "Есіл-Богатырь", "Қайрат", "Ертіс", "Тобыл", "Астана" және "Қайсар" клубтары сапында өнер көрсетті. Былтыр күзде «Ақжайық» сапында бір ойын өткізді.

Еліміздің үш дүркін чемпионы – 2003 және 2004 жылдар («Ертіс»), 2014 жыл («Астана»). Үш мәрте ел кубогының иегері болды – 2007 жыл («Тобыл), 2010 және 2012 жылдар («Астана»). Интертото кубогының иегері – 2007 жыл («Тобыл).    

Биыл, яғни 2017 жылы ақпан айында Қайрат Нұрдәулетов футболшы ретіндегі карьерасын аяқтап, бутсасын шегеге ілетіндігін мәлімдеді. 4 наурыз күні Алматыда өткен Суперкубок матчы алдында оны салтанатты түрде шығарып салу рәсімі ұйымдастырылды.

Автор: Айқын Жаппар
Яндекс.Метрика