Вернуться к списку статей

ФИФА рейтингісі – Ешбір ойын өткізбей тағы екі саты жоғарыладық

Футбол
2K
Қазақстан ұлттық құрамасы. 2016 жыл. Фото: kff.kz
ФИФА бүгін ұлттық құрамалар арасындағы наурыз айының рейтингісін жариялады. Қазақстан құрамасы тағы екі саты жоғары өрлеп, 94-орынға орналасыпты.

Ақпан айында жаңғыртылған рейтингпен салыстырғанда, ерлер арасындағы Қазақстан ұлттық құрамасы екі саты жоғарылап, 94-орынға жайғасты. Бір қызығы, жыл басынан бері Қазақстан құрамасы әлі бірде-бір ойын өткізбесе, ай сайын екі сатыдан жоғары «адымдап» келеді.

Орайы келгенде естеріңізге сала кетейік, 22 наурыз күні Қазақстан ұлттық құрамасы Ларнакада Кипр футболшыларымен жолдастық кездесу өткізеді. Ал 26 наурыз күні 2018 жылғы әлем чемпионатының іріктеу турнирі аясында, түзде Армения құрамасымен кездеседі.

Алғашқы ондық:

1 (1). Аргентина – 1644 ұпай
2 (2). Бразилия – 1534
3 (3). Германия – 1443
4 (4). Чили – 1389
5 (5). Бельгия – 1379
6 (6). Франция – 1318
7 (7). Колумбия – 1312
8 (8). Португалия – 1240
9 (9). Уругвай – 1200
10 (10). Испания – 1162

Әлем чемпионаты іріктеу турнирінің «Е» тобындағы құрамалар:

12 (14). Польша – 1121
39 (40). Румыния – 703
48 (49). Дания – 657
64 (64). Црна Гора – 546
85 (82). Армения – 414
94 (96). Қазақстан – 357 

Бізден жоғары орналасқан бұрынғы «көршілеріміз»:

31 (30). Украина – 798
60 (61). Ресей – 591
63 (63). Өзбекстан – 561
72 (72). Беларусь – 472
89 (89). Әзірбайжан – 380

Автор: Айқын Жаппар
Яндекс.Метрика