«Ордабасы» орап соқты
Шымкентте «Ордабасы» өткен маусымдағы ел чемпионы «Астана» клубын қабылдап, ойсырата жеңді. Алаң иелерінің жеңіске деген жігерлері басым болды. Әсіресе, Азат Нұрғалиев жанын салып ойнады. Елорда клубы бапкерлеріне өзінің деңгейін дәлелдегісі келгендей.
«Ордабасы» клубының қақпашысы да ерекше көзге түсті. Бірнеше рет «Астана» футболшыларының қауіпті де, пәрменді де соққыларын тойтарды. Ал елордалықтар өрнекті ойын үлгісін көрсете алмады. Қимыл-қозғалыстарынан бір енжарлық, селқостық байқалатындай да сияқты ма?.. Жалақылары қолдарына уақытында тимей жүр ме, әлде басқадай себебі бар ма, белгісіз...
Бірінші голды айып соққысын орындаған Мардан Төлебек соқты. Өз – «нүктесі», өзіне өте ыңғайлы жер. Шірене теуіп, бәрін де қапы қалдырды. Екінші гол – Азат Нұрғалиевтің еншісінде. Қорғаушыны да, қақпашыны да сан соқтырды. Ал Абдулай Диакате айып алаңы ішінде «Астананың» бір топ ойыншысы мен голкиперін тақырға отырғызып кетті.
«Ордабасы – «Астана» – 3:0 (1:0)
Голдар: Төлебек, 15. Нұрғалиев, 74. Диакате, 88.
Ескерту: Тұңғышбаев, 29 – Мұжықов, 22. Эрич, 71.
«Ордабасы»: Бекбаев, Ерланов, Рендулич (Бейсенов, 72), Смаков (Фонтанелло, 34), Төлебек (Адырбеков, 78), Диакате, Ковальчук, Бочаров, Нөсербаев, Нұрғалиев (к), Тұңғышбаев.
Қосалқы құрам: Бойченко, Гейнрих, Марцваладзе, Әшірбеков, Қожабаев, Бөлешев.
Астана: Эрич (к) (Мокин, 80), Шитов, Аничич, Логвиненко, Постников, Шомко, Маевский, Мұжықов (Наджарян, 81), Ллулаку, Мұртазаев (Твумаси, 74), Кабананга.
Қосалқы құрам: Жакипбаев, Прокопенко, Жалмукан, Бейсебеков
Төрешілер: Алешин, Попов, Тасыбаев (бәрі де – Павлодар)
8 наурыз. Шымкент. Қажымұқан атындағы стадион. 7 000 көрермен
Щеткин – алғашқы хет-трик авторы
«Тобыл» тоғыз ұпайынан айырылып торығып жүрген «Атырауды» алып соқты. Қостанай клубының құрамы осал емес. Тіпті Қазақстан құрамасының орталық қорғаушысы қосалқы құрам орындығында отыр. Бапкеріне тек ойыншыларын жігерлендіріп, спорттық баптарына келтіре білсе болды. Нәтиже көрсете алатын ұжым сияқты.
Ал «Атырауға» жанкештілік танытпаса болмайды. Құрамында тәп-тәуір ойыншылары бар. Маусым аралығындағы соңғы жолдастық кездесулерін мейілінше жоғары деңгейде өткізгендей еді. Бірақ бүгін бір шабуылшыны тұсаулап ұстай алмады...
«Тобыл» – «Атырау» – 3:0 (1:0)
Голдар: Щеткин, 14. Щеткин, 58. Щеткин, 64.
Ескерту: Лобжанидзе, 33.
«Тобыл»: Непогодов, Сартаков, Кассай, Дмитренко, Мирошниченко, Мухутдинов, Тағыберген, Савич (Молдақараев, 85), Шимкович (к) (Жулпа, 90), Деспотович, Щеткин (Джалилов, 79).
Қосалқы құрам: Бусурманов, Малый, Жакыпов, Жаңғылышбай, Жарынбетов, Шубаев.
«Атырау»: Пасеченко, Коробов, Томич, Обшивац (Родич, 80), Лобжанидзе, Чичиулин (к), Сапаров (Қайырәлиев 70), Саломов, Джокич, Ли (Нурыбеков 70), Двалишвили.
Қосалқы құрам: Жомартов, Жагоров, Мәжитов, Эсатов, Абдрахманов, Маров
Төрешілер: Абдуллаев (Каратау), Полуэктов, Филоненко (екеуі де – Тараз)
8 наурыз. Затобольск қонысы. «Затоболец» стадионы. 3 500 көрермен
Давронжан мен Дәуренбек – Таразы басы тең
«Тараз» бен «Шахтер» оңтүстікте кездесіп, тең түсті. «Тараз» өз алаңында, ал «Шахтер» 40 минут артық құрамда ойнағандығын кәдеге асыра алмады. Қайсысы екі ұпай жоғалтты, оны қазір дөп басып айту қиын.
Екінші тайм басталған бетте Давронжан Эргашев Дәуренбек Тәжімбетовті арқасынан табанымен бір теуіп құлатты. Тәжік футболшысының осы бір дөрекі және ерсі қылығы, төреші назарынна тыс қалмады. Қызыл қағаз көрсетіп, алаңнан қуды. Ал екі команда бір ұпайды қанағат қылды.
«Тараз» – «Шахтер» – 0:0
Ескерту: Әмірханов, 64 – Скорых, 6. Айегбуси, 54. Тәжімбетов, 90+3.
Алаңнан қуылды: Эргашев, 51.
«Тараз»: Бабаханов, Әмірханов, Эргашев, Шипицин (Молтусинов, 85), Кұрғулин (к), Диарра, Таубай, Горбанец, Қожамберді (Зайнутдинов, 46), Мухаметшин, Фещук (Азовский, 90+2).
Қосалқы құрам: Логиновский, Кеңесбек, Шадманов, Нұралы, Байжанов, Қарпық.
«Шахтер»: Шацкий, Пикалкин, Кадио, Айегбуси (Тәттібаев, 68), Мангуткин, Скорых (к), Сзоке, Зошак (Ермеков 72), Станоевич, Аллегриа (Хайруллин, 76), Тәжімбетов.
Қосалқы құрам: Багинский, Ткачук, Стоянович, Габышев, Тарасов.
Төрешілер: Чесноков, Попов (екеуі де – Өскемен), Шабанов (Алматы)
8 наурыз. Тараз. «Ұлан» стадионы. 2 000 көрермен