Вернуться к списку статей

Еркебұлан Сейідахмет неге жасөспірімдер құрамасы сапында емес

Футбол
2K
Еркебұлан – Сейідахмет Қазақстан--U19 құрамасының негізгі ойыншысы. Фото: granatkin.com
Осыдан бірер күн бұрын Қазақстан-U19 құрамасы Талғарда оқу-жаттығу жиынын бастағанын, бірақ құрамында таланты шабуылшымыз Еркебұлан Сейідахметтің жоқ екендігін жазғанбыз.

Жас шабуылшыны жақсы көретін, оның болашағына алаңдайтын жанкүйерлер көп екен. «Еркебұлан неге жасөспірімдер құрамасы сапында жоқ» деген сұрақ жаудыртқандар санынан шатыстық. Тіпті неліктен Талғардағы жиынға қатыспайтындығын біліп берумізді өтінгендер де болды.

Негізі, көпшілік алаңдаған бұл сұраққа 19 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасының аға жаттықтырушысы Александр Кузнецов  жауап берді. Футбол жанкүйерлері оны да осы сауалдың астына алса керек. Ол әлеуметтік желідегі жеке парақшасына бәрін тәптіштеп түсіндіріп жазды.

Біз оны жанкүйерлердің бәрі де оқыған шығар деп ойлаған едік. Алайда Еркебұлан Сейідахметті іздеушілер мен сұраушылар саны азаяр емес. Сондықтан, халқымыздың «ештен кеш жақсы» деген мәтеліне сүйене отырып, Александр Кузнецовтің жауабын қазақшаға аударып бергенді жөн санап отырмыз:


Еркебұлан 27 ақпан күні Кипрден келді. «Зенит» клубының жастар қомандасы сапында оқу-жаттығу жиынына қатысып келді. Онда жүктемеде аз болған жоқ, әрі ол мектепте ұзақ уақыт болған жоқ, үйінен тыс жүрді. Сондықтан оған демалыс берген дұрыс деп шештік.

Осы жолғы оқу-жаттығу жиынындағы мақсатымыздың бірі – ойыншылар сұрыптау. Жақында «Арман» турнирінде біраз ойыншыға көзіміз түсті, енді соларды сынақтан өткізіп көргіміз келеді.

Ал Еркебұлан болса, өзін негізгі құрамның ойыншысы екендігін көрсеткен. Оны сынаудың қажеті жоқ. Бәрі де – ойдағыдай. Келесі жиында ол құрамамен бірге болады.

Айта кеткеніміз жөн болар, ол 9 наурызда «Зениттің» жастарымен бірге Италияда өтетін халықаралық турнирге барады. Бұл – тәжірибе жинақтауға тамаша мүмкіндік.

Қазір ол үшін – өте маңызды кезең. Оған осы клуб сапында өзін көрсетіп, ашыла түсуі керек. Ал құрама үшін бұл пайдалы, ол мүлде басқа деңгейде ойнайтын болады. Бар себебі – осы.

Автор: Әлихан Жаппар
Яндекс.Метрика