«Қазақстан футбол федерациясы басшыларының бастамасымен ҚР футболды дамыту стратегиясын жүзеге асыру мәселелерімен айналысатын және еліміздің құрама командаларына ұйымдастырушылық және әдістемелік көмек көрсететін Жаттықтырушылар кеңесі құрылды», – деп жазады аталған ресми сайт.
Оның құрамына кіргендер:
Сейілда Байшақов – ҚФФ президенті,
Азамат Айтқожин – ҚКФЛ президенті,
Игорь Утробин – ҚФФ бас менеджері,
Ғани Қайназаров – құрама командалар департаментінің директоры,
Талғат Байсуфинов – техникалық директор,
Павел Демян – ҚКФЛ спорт директоры,
Александр Бородюк – Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері,
Владимир Никитенко – жастар құрамасының аға жаттықтырушысы,
Айтпай Жамантаев – әйелдер арасындағы Қазақстан құрамасының бас бапкері,
Александр Кузнецов – Қазақстан-U19 құрамасының аға жаттықтырушысы,
Карлос Ферер – Қазақстан-U17 құрамасының аға жаттықтырушысы,
Юрий Коньков – жастар құрамасы жаттықтырушысы,
Игорь Свечников – жастар құрамасы аға бапкерінің көмекшісі,
Юсуп Шадиев – жасөспірімдер құрамасының селекционері,
Николай Родионов – жастар құрамасының қақпашылары жаттықтырушысы.
Биыл Қазақстан футбол федерациясы құрама аралық командаларды құрған. Соның арқасында құрамалар саны сегізге дейін артқан: Ұлттық құрама, U23 құрамасы, U21 құрамасы, U20 құрамасы, U19 құрамасы, U18 құрамасы, U17 құрамасы және U16 құрамасы.
«Жаттықтырушылар кеңесін құру футболшыларды дайындау мәселесінде әр жас шамасындағы құрамалар арасындағы өзара қарым-қатынас орнатуға, сонымен қатар футбол орталықтары және клубтар арасында тұрақты байланысты қалыптастыруға ықпал етеді», – деп аяқтапты ҚФФ ресми сайты бұл ақпаратты.