Вернуться к списку статей

Айсұлтан Назарбаев – Мен әлі вице-президент емеспін

Футбол
2K
Айсұлтан Назарбаев – жасыл алаңда. Фото: Карина Джакеева
Кеше ғана Қазақстан футбол федерациясының вице-президенті міндетін атқарушы болып бекітілген Айсұлтан Назарбаев бүгін өз пікірін білдіріпті.

Бүгін Айсұлтан Назарбаев Фейзбук әлеуметтік желісіндеге жеке парақшасына өзінің ҚФФ вице-президенті болып тағайындалғаны жөніндегі пікірін жазып, көпшілік талқысына салды.

«Бұл жаңалық өте тез тарады. Кеше мен Қазақстан футбол федерациясында лауазымды қызметке тағайындалдым. Бірақ көпшілік оның “міндетін атқарушы” деген қосымшасына көңіл аудармаған. Дұрыс емес. Негізі, бұл –өте маңызды. Әзірше “Айсұлтан Назарбаев ҚФФ вице-президенті болды” деген ұранды тақырыптар шындыққа сәйкес келмейді», – деп бастапты.

Бұл ретте, арнайы заң жүзіндегі рәсімдерден өтуі керектігін, олар толық жүзеге аспай вице-президент емес екендігіне де тоқталып өткен. Одан әрі бұрынғы ҚФФ басшыларына қатысты өзінің жеке көзқарасы бар екендігін, әрі одан ауытқымайтындығын жазған.

Бұл тұрғыда, өзінің ҰЛТТЫҚ футбол оппозиционері емес екендігін леп белгісімен көрсеткен. «Сондықтан, федерацияға келген жаңа адамдар ел футболын дамытумен бірге айналысуды ұсынғанда, мен оған бейжай қарай алмадым», – депті.

Айсұлтанның жазуынша, ол ҚФФ жаңа басшыларымен кездескен. Ашық сөйлескен. Бір-бірлерін түсінген де сияқты... «Футболды дамыту үшін бірлік, келісім, татулық керек. Біз бірігуіміз керек», – деп жазған Айсұлтан Назарбаев өзінің жеке парақшасына.

Содан соң футболдың өзі алаңға шыққанда, команда болып бірігуге үйрететінін тілге тиек еткен. Әрі өзінің жеке басының мүддесін МҮЛДЕ ойламайтындығын да, өзінің қатардағы жұмысшы екендігін де айрықша атап өтіпті...

ФИФА, УЕФА және ұлттық федерациялармен байланыс орнату біздің футболды дамытудың ең маңызды мәселелерінің бірі екендігіне атүсті тоқтала өткен де... Бір танысының Қазақстан футбол федерациясына, әрі оның халықаралық бағытына әкесінің қайтыс болғанына тура бір жол толғанда келіп отырғанынан бейнешілік (символизм) іздегенін де баяндаған...


Фото: Айсұлтан Назарбаевтың әлеуметтік желідегі жеке парақшасынан

Осы ретте, әкесінің Қазақстан футболының УЕФА құрамына енуіне сүбелі үлес қосқандығын меңзеп және мезгеп өткен. «Білмеймін, мен біздің футболға әкемнен артық үлес қоса аламын ба, жоқ па, бірақ тырысамын», – деп түйіндеген.

Сөзінің соңында «менің алдағы мақсатым – бәрін іштей танып білу, қызметке бекітілу рәсімінен өту, жұмыс стратегиясын жасап, келісіп алу. Мен пікір алмасуға қарсы емеспін. Футболымыздағы күрмеуі күрделі барлық мәселелерді маған аудармаңыздар. Менің атқаратын міндетіме қатысты өз ойларыңыз бен пікірлеріңізді жазыңыздар. Мен бәрін дерлік оқимын», – деп аяқтаған.

Автор: Нұрғазы Сасаев
Яндекс.Метрика