Вернуться к списку статей

Кәсіпқой лига "кәріне" енді “Атырау” ілікті – Тоғыз ұпайы шегерілді

Футбол
2K
Қазақстанның Кәсіпқой футбол лигасы ел чемпионаты басталмай жатып, «Атырау» футбол клубының тоғыз ұпайын шегерп тастады.

Еліміздің Кәсіпқой футбол лигасы FIFA Тәртіптік комитетінің шешімін орындау қажеттігі негізінде, ҚФФ (Қазақстан футбол федерациясының) «Атырау» клубынан тоғыз ұпай шегеріп тастау жөніндегі өтінішін орындап, бүгін осындай шешім шығарды.

Себеп, аталған команда қарыздарын дер кезінде өтемеген. Атап айтқанда, Джонатас Рикардо Соуза да Коста (Jonathas Ricardo Sousa da Costa) деген ойыншыға берешегі үшін үш ұпайын, ал Зоран Филипович (Zoran Filipovic) деген бапкерге қарызы үшін алты ұпайын шегерген.

Автор: Нұрғазы Сасаев
Яндекс.Метрика