Вернуться к списку статей

Айсұлтан Назарбаев – Қазақстан футбол федерациясының вице-президенті

Футбол
2K
Айсұлтан Назарбаев – Қазақстан футбол федерациясының жаңа вице-президенті. Фото: Әзиз Жұмаділ
Бүгін Қазақстан футбол федерациясының Атқарушы комитеті бас қосып, Айсұлтан Назарбаевты ҚФФ вице-президенті міндетін атқарушы қызметіне бекітті.

"2017 жылдың 28 ақпан күні Қазақстан футбол федерациясының Атқарушы комитеті шешімімен ФИФА, УЕФА халықаралық ұйымдары және Ұлттық қауымдастықтарымен байланыс жөніндегі вице-президент міндетін атқарушы қызметіне Айсұлтан Назарбаев тағайындалды".

Қазақстан футбол федерациясының ресми сайты «Кадрлық мәселелер бойынша Атқарушы комитеттің жиыны өтті» деп, Айсұлтан Назарбаевтың бүгінге дейін бос тұрған вице-президент қызметінің міндетін атқарушысы болып тағайындалғандығын осылай жариялады.


Автор: Айқын Жаппар
Яндекс.Метрика