Аталған басылым таратқан ақпаратқа сенсек, Ресей маманы Александр Бородюк наурыз айының басында Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері болып бекітілуі тиіс екен.
Әрі Бородюктің Ресей құрамасы сапында бірер жыл бас бапкердің көмекшісі болғандығын алға тартып, «ұлттық құрамада жұмыс жасаған тәжірибесі бар» деп жазыпты. Содан соң былтыр «Қайрат» клубының тізгінін біраз ұстағанын да түртіп өтіпті.
Иә, «Қайрат» сапында бас бапкер болғанын білеміз. Былтыр маусым басында Алматы клубы оңды-солды ұтылып, ақыры ел чемпионы атағына таласу мүмкіндігінен айырылмаса да, «Астанадан» көп қалып қойған...