Вернуться к списку статей

Қазақстан кубогы – Електік доданың жеребесі тартылды

Футбол
1K
Қазақстан кубогының жеребесі тартылды. Фото: pflk.kz
Бүгін Қазақстан кубогының електік кезеңінде додаға түсетін командалар арасында жеребе тартылып, тоғыз клуб үш топқа тең бөлінді.

Биыл ел кубогының електік додасына бірінші және екінші лигалардан бар болғаны тоғыз команда қатысады. Бүгін еліміздің Кәсіпқой футбол лигасы кеңсесінде жеребе тартылып, олар үш топқа тең бөлінді:

«А» тобы: «Қызыл-Жар СК», «Мақтаарал», СДЮШОР №7;

«В» тобы: «Алтай», «Екібастұз», «Қыран»;

«С» тобы: «Жетісу», «Каспий», «Рузаевка».

Електік дода ойындары 28 наурыздан 6 сәуірге дейін Оңтүстік Қазақстан облысында өтеді. Әр топта бірінші орын алған командалар мен екінші орын алған командалардың ішіндегі техникалық көрсеткіші жоғарысы ел кубогының 1/8 финалына шығады.

Автор: Әлихан Жаппар
Яндекс.Метрика