Вернуться к списку статей

Қазақстан футзалшыларының Еуро-2018 додасындағы ойындар күнтізбесі

Футбол
2K
Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы. Фото: afrk.kz
Футзалдан 2018 жылғы Еуропа чемпионатының бірінші електік сатысы толықтай аяқталып, екінші іріктеу кезеңіндегі ойындар күнтізбесі бекітілді.

2018 жылғы Еуропа чемпионатының електік ойындары жайлы бұған дейін жазғанбыз. Бірінші іріктеу кезеңіне рейтингтері төмендеу құрамалар қатысты. «Е» тобында Дания құрамасы топ жарып, 6-топта Қазақстан футзалшыларымен додаға түсетін болды.

Сонымен 6-топтың толық құрамы – Қазақстан, Чехия, Македония, Дания.

Бұған дейін жазғанымыздай, осы төрттіктің ойындары 8-11 сәуір аралығында Алматыда өтеді.

Ойындар күнтізбесі, 6-топ. Алматы:

8 сәуір 2017 ж.

Чехия – Дания

Қазақстан – Македония

9 сәуір 2017 ж.

Македония – Чехия

Қазақстан – Дания

11 сәуір 2017 ж.

Дания – Македония

Чехия – Қазақстан

Осы топта бірінші орын алған команда тікелей 2018 жылғы Еуропа чемпионатының финалдық кезеңіне шығады. Ал екінші орынға ие болған құрама, сондай-ақ техникалық көрсеткіштері жоғары болса, үшінші орынды иемденген команда қосымша төрт жолдаманы сарапқа салу мүмкіндігіне ие болады.

Автор: Айқын Жаппар
Яндекс.Метрика