Вернуться к списку статей

Әлішер Әпсәлямов – “Қайрат” футбол клубының жаңа Бас директоры

Футбол
2K
Әлішер Әпсәлямов – “Қайрат” ФК Бас директоры. Фото: fckairat.com
Бүгін Алматының «Қайраты» Бас директорының ауысқанын ресми түрде мәлімдеді. Лауазымды қызметке Әлішер Әпсәлямов бекітілді.

«Қайрат» футбол клубының Бас директоры болып Әлішер Әпсәлямов бекітілді. «Ол – спорт және футбол менеджментінде тәжірибесі бар танымал маман», деп жазады аталмыш клубтың ресми сайты.

Әлішер Ерболатұлы АҚШ-тағы Suffolk University беделді білім ордасында оқыған. «Кардифф Сити» және «Сараево» футбол клубтарында әкімшіліктік лауазымды қызметтерді атқарған.

Ал бұған дейін «Қайраттың» Бас директоры болған Мәлік Күшәлиев клубтың Байқаушы кеңесі құрамына енетін болыпты. Клуб Мәлік Болатұлына атқарған жұмыстары мен сіңірген еңбегі үшін алғыс білдіріпті.

Автор: Нұрғазы Сасаев
Яндекс.Метрика