Вернуться к списку статей

Жыл сайынғы “жол ашар” матчта “Астана” жеңіске жетті

Футбол
1K
Жалғыз голдың авторы – Серікжан Мұжықов. Фото: fca.kz
"Астана" футбол клубы Украина чемпионатында үшінші орынды иеленіп тұрған «Заря» (Луганск) клубымен жолдастық кездесу өткізіп, 1:0 есебімен жеңіске жетті.

Осы ойынның алдында «Астана» футбол клубының баспасөз қызметі «Заря» клубының капитаны Никита Каменюкадан сұхбат алыпты. Ол төртінші жыл қатарынан Түркиядағы жаттығу жиыны барысында елорда клубымен кездесіп отырғандарына айрықша көңіл бөлген:

Бұған дейінгі үш матч та тартысты өткен. Бір қызығы, біз Түркияда «Астана» клубымен төртінші жыл қатарынан кездескелі отырмыз. Жолдастық кездесулер екі жаққа да тиімді сияқты. Осы жылдары «Астана» өз елінде үш рет қатарынан чемпион атанды. Ал біз өз чемпионатымызда жыл сайын жоғары өрлеп келеміз. Биылғы маусымда да осы үрдіс қайталанады деп сенемін, – депті.

Сонымен екі команданың ойыншыларының да бүгінгі жолдастық кездесуге деген ілтипаттары жоғары болды. Шынымен де екі команда үшін «жол ашар» матч секілді. Әрине, қос команданың футболшылары жеңісті қолдан бермеуге тырысты.

«Астана» қорғаныста сауатты ойнады. Қорғаушылары мұқият ойнауға тырысты. Ал алғы шепте шабуылшыларының бәрі ауысып ойнағандарымен, ешқайсысы да гол соға алмады. Жалғыз доптың авторы – Серікжан Мұжықов.   

«Астана» (Қазақстан) – «Заря» (Украина) – 1:0

Гол: Мұжықов

«Астана»: Мокин, Шитов, Постников, Аничич, Шомко, Мұжықов, Маевский, Твумаси, Жалмұқан, Мұртазаев, Лулаку. 

Екінші таймда алаңға шыққандар: Эрич, Логвиненко, Тағыберген, Жүнісов, Наджарян, Кабананга, Деспотович.

«Заря»: Чуваев, Бабенко, Чечер, Паулу Виктор, Бонавентуре, Форстер, Гречушкин, Харатин, Кулач, Опанасенко, Сухоцкий

Төрешілер: Александр Дердо, Андрей Скрипка, Виктор Матяш (бәрі де – Украина)

Бұған дейінгі кездесулер:

2014 жыл: «Астана» – «Заря» – 0:0

2015 жыл: «Астана» – «Заря» – 1:3

2016 жыл: «Астана» – «Заря» – 1:1

Автор: Айқын Жаппар
Яндекс.Метрика