Владимир Никитенко жаттықтыратын Қазақстан жастар құрамасы Түркияда 13-24 ақпан аралығында жаттығу жиынын өткізеді екен. Осы жиын барысында бапкерлер алқасы үш рет жолдастық кездесу өткізуді жоспарлап отырған көрінеді.
Атап айтқанда, 17 ақпан күні Ресейдің «Оренбург» клубымен кездессе, 20 ақпанда осы елдің «Ростов» командасымен додаға түседі. 23 ақпан күні өтетін үшінші жолдастық кездесудегі қарсылас сәл кейінірек анықталады.
Владимир Никитенко бастаған жаттықтырушылар алқасы аталған оқу-жаттығу жиынына мына футболшыларды шақырыпты:
қақпашылар – Сұлтан Бұсұрманов («Тобыл»), Дмитрий Колбунцов («Алтай»), Тимурбек Закиров («Қызылжар»);
қорғаушылар – Айбол Әбікен («Қайрат»), Карам Сұлтанов («Қызылжар»), Әлібек Қасым («Қайрат»), Әділет Кеңесбек («Тараз»), Арман Әліпбек («Ордабасы»), Сұлтан Әбілғазы («Оқжетпес»), Бекзат Шадманов («Тараз»), Александр Соколенко («Қызылжар»);
жартылай қорғаушылар – Дидар Жалмұқан («Астана»), Самат Шәмші («Ордабасы»), Дәулет Зайнетдинов («Астана»), Бекзат Қабылан («Каспий»), Иван Антипов («Ақжайық»), Максим Гладченко («Қайрат»), Геворг Наджарян («Астана»), Рашид Люхай («Қайрат»), Игорь Бойчук («Ақтөбе»);
шабуылшылар – Рифат Нұрмағамбет («Жетісу»), Владислав Васильев («Шахтер»), Максим Федин («Оқжетпес»), Вячеслав Путинцев («Шахтер»), Юрий Перцух («Ақжайық»).
Бапкерлер құрамы:
Владимир Никитенко – аға жаттықтырушы,
Игорь Свечников – аға жаттықтырушының көмекшісі,
Юрий Коньков – аға жаттықтырушының көмекшісі,
Николай Родионов – қақпашылар жаттықтырушысы.