Вернуться к списку статей

УЕФА-ның шағын футболы да қазақ додасының басталуын тосып жүр

Футбол
2K
УЕФА суперкубогының жеребесі Орталық стадионда тартылады...
Футзалдан 2016-2017 жылдар маусымындағы УЕФА кубогы финалының жеребесі 4 сәуір күні Қазақстан суперкубогы матчының үзілісінде тартылады.

Биыл Қазақстан суперкубогын 4 сәуір күні Алматының Орталық стадионда «Қайрат» және «Астана» клубтары сарапқа салады. Осы маусымашар матчтың үзілісінде футзалдан УЕФА кубогы финалының жеребесі тартылады. Жеребе тарту рәсімін УЕФА өкілдері жүргізеді.

Естеріңізге сала кетейік, футзалдан УЕФА кубогының шешуші додасы «Төртеу финалы» деп аталады. Оған Еуропаның ең үздік төрт клубы іріктеліп шыққан. Әуелі жеребе тарту арқылы жартылай финалдық жұптар түзіледі. Осы екі жұпта жеңіске жеткендер бас бәйгеге таласып, жеңіліп қалғандар үшінші орынды сарапқа салады.

Жалпы, «Төртеу финалы» додасы 28-30 сәуір күндері «Алматы-Арена» спорт кешенінде өтеді. Ал финалдық сында бақ сынайтын клубтар «Спортинг» (Лиссабон, Португалия), «Интер» (Мадрид, Испания), «Газпром-Югра» (Югорск, Ресей) және «Қайрат» (Алматы, Қазақстан).

«Төртеу финалы» жеребесі

4 сәуір, Алматы Орталық стадионы.

Футболдан Қазақстан суперкубогы – 15:00 (басталу уақыты)

Футзалдан УЕФА кубогы финалының жеребесі – 15:45

Жеребе қорытындысы бойынша БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз жиыны – 16:45

Футзалдан УЕФА кубогы, 2016-2017 жж, «Алматы-Арена»

28 сәуір

1-жартылай финал – 18:00 (басталу уақыты)

2-жартылай финал – 20:30

30 сәуір

Үшінші орын үшін – 17:00

Финал – 19:30

Автор: Әлихан Жаппар
Яндекс.Метрика