Вернуться к списку статей

Бауыржан Жолшиев “Ақтөбе” сапында жаттығып жүр

Футбол
2K
Бауыржан Жолшиев
Елімізге кеңінен танымал, өз әлеуетін әлі толықтай жүзенге асырмаған дарынды футболшыларымыздың бірі, яғни Бауыржан Жолшиев «Ақтөбе» футбол клубы сапында жаттығып жүр.

Қазақстан ұлттық құрамасы сапында 14 ойын өткізіп, үш гол соққан футболшының «Ақтөбе» сапында сынақтан өтіп жүруі әбден мүмкін. Әйтеуір оның Түркияда оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатқан ақтөбеліктердің құрамында екені анық.  

Әзірше «Ақтөбе» футбол клубы ешқандай да ресми мәлімдеме жарияламағанымен, ойыншыларының жаттығу барысындағы суреттерін әлеуметтік желідегі жеке парақшаларына салып отыр. Онда Бауыржан Жолшиевтің де өзгелермен бірге толыққанды жаттығу жұмыстарын жүргізіп жатқаны байқалады.


Әрі Бауыржанның өзі де Instagram-дағы жеке парақшасына «Ақтөбе» клубының ойыншыларымен бірге автобуста кетіп бара жатқан суретін салыпты. Жанында шабуылшы – Игорь Зенькович. Ол да осы команда сапында жүр.

Өздеріңіз білесіздер, Жолшиев өткен маусымда ешбір клубтың құрамында ойнаған жоқ. Соңғы өнер көрсеткен клубы «Астана» болатын. Елордалықтар сапында Чемпиондар лигасында да ойнап (10 ойын өткізіп), ерекше көзге түскен-ді. Бірақ көпшілікті қайран қалдырып, ел чемпионы сапынан кетіп қалған...

Автор: Айқын Жаппар
Яндекс.Метрика