Вернуться к списку статей

«Қайрат» жанкүйерлер арасында турнир өткізді

Футбол
1K
Фото fckairat.com сайтынан
«Қайрат» футбол клубы жанкүйерлер арасында турнир ұйымдастырып, оған сегіз команда қатысқан.

Алматы футбол клубының баспасөз қызметі бұл турнирге қатысуға ниет білдіргендер қарасының өте көп балғандығын мәлімдейді. Бір сағаттың ішінде өтінім қағаздары толтырылып, осы додада бағын сынап көргісі келгендер кешке дейін қоңырау шалған.

Жалпы, аталмыш турнирге әуесқой жанкүйерлер де, бұрынғы кәсіпқой футболшылар да қатысып, өз өнерлерін паш еткен. Сегіз команда арасындағы дода күні бойы өтіп, Евстафий Пехлеваниди академиясының алаңында ойындар қызықты да, тартысты болған.

Финалда «Шу» және «Номад» командалары кездесіп, өте шиеленсіті өткен матчта біріншісі 1:0 есебімен жеңіске жеткен. Үшінші орын «АлатауФанс» командасына бұйырған. Доп додасы аяқталған соң ұйымдастырушылар келесі жылы да осындай турнир ұйымдастыратындықтарын мәлімдеп, әр шептегі үздік ойыншыларды анықтаған:

Үздік қақпашы – Әділ Манатай,
Үздік қорғаушы – Атабек Жұмабаев,
Үздік шабуылшы – Алмат Жұмабеков.

Автор: Әлихан Жаппар
Яндекс.Метрика