Вернуться к списку статей

Қазақстан жанкүйерлері эль-класиконы тікелей эфирде көреді

Футбол
1K
Фото: twitter.com/SuperSportTV
Ертең Қазақстан жанкүйерлері Испания чемпионатындағы «Реал» мен «Барселона» арасындағы матчты тікелей эфир арқылы тамашалайтын болады.

«Реал» мен «Барселона» арасындағы матч біздің уақытпен 17:55-те басталады. «Qazsport» арнасы бұл матчты тікелей эфир арқылы көрсетпек. Шайбалы хоккейден «Барыс» пен «Нефтехимик» арасындағы 17:00-де басталатын КХЛ аясындағы маңызды ойын да Испания эль-класикосының көлеңкесінде қалыпты...

Негізі, «Нефтехимик» клубымен өтетін хоккейшілер додасы да қызықты болуы керек еді. Себебі, Нижнекамск клубын Андрей Назаров жаттықтырады. Аталмыш маманның «Барысты» екі маусымдай баптағанын бідесіздер. Әйтсе де, отандық спорт арнасы Испания чемпионатының 17-турындағы негізгі ойынды таңдаған.   

Жалпы, «Барселона» Мадридке Месси бастаған 18 ойыншысын әкеткен. Каталония клубы қазір 16 ойыннан 42 ұпай жинап, Испания чемпионатында көш бастап келеді. Бір ойын кем өткізген «Реал» 31 ұпаймен төртінші орынға орналасқан. Ертеңгі ойынның шектен тыс қызықты болары, айтпаса да түсінікті...

Автор: Әлихан Жаппар
Яндекс.Метрика