Вернуться к списку статей

«Миллионер» Стойлов – еңбегі соған татиды!

Футбол
1K
Фото fca.kz сайтынан
«Астана» футбол клубы бас бапкері Станимир Стойловпен жаңа еңбек келісіміне қол қою үшін келіссөздер өткізіп жатқандай...

Болгарияның topsport.bg сайты «Тема спорт» басылымына сілтеме жасай отырып, «Астана» Станимир Стойловқа ресми түрде жалақысы жоғарылау жаңа келісімшарт ұсынғандығын жариялады. Олардың мәлімдеулерінше, енді болгар маманы жылына 1,2 миллион еуро жалақы алады екен.

Ал отандық басылымдардың біріне берген сұхбатында «Астана» клубының президенті Саян Хамитжанов Станимир Стойловпен еңбек келісімін ұзарту мәселесін міндетті түрде талқылайтындықтарын, әзірше оның агенттерімен келіссөздер жүргізіле бастағандығын тілге тиек еткен болатын.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Болгарияның «Труд» газеті Станимир Стойлов «айына 100 мың доллар алады» деп жазса, Gol.bg басылымы «жалақысы – жылына 1 миллион доллар» деген ақпаратты көлденең тартқан еді. Кейбір отандық ақпарат көздеріне сенсек, болгар маманының 2014 жылы айына 70 мың доллар жалақылы еңбек келісіміне қол қойған екен.

Содан бері бірнеше жыл, бірнеше маусым өтті. «Астана» жыл сайын ел чемпионы болып, халықаралық аренада ерен жетістіктерге, тарихи жеңістерге қол жеткізіп келеді. Яғни көрсеткіштері жоғарылап барады. Ендеше, бас бапкерінің де жалақысының өсуі заңдылық сияқты...

Автор: Нұрғазы Сасаев
Яндекс.Метрика