Вернуться к списку статей

Иван Маевский – «Астананың» 2017 жылғы ең үздік жаңа ойыншысы

Футбол
1K
Фото fca.kz сайтынан
Беларусь құрамасының жартылай қорғаушысы Иван Маевский «Астана» футбол клубының 2017 жылғы ең үздік жаңа ойыншысы атанды.

«Астана» футбол клубы өзінің ресми сайты және әлеуметтік желідегі ресми парақшасы арқылы жанкүйерлер арасында сауалнама жүргізген. Мақсат 2017 жылғы ең үздік жаңа ойыншыны анықтау болған.

Ел чемпионының ресми сайты таратқан мәліметке сенсек, бұл сауалнамаға 7 387 жанкүйер қатысып, дауыс берген. Олардың жартысынан көбі «Астана» футбол клубының «2017 жылғы ең үздік жаңа ойыншысы – еңбекқор Иван Маевский» деген пікірде екен.

Шынымен де, Маевский биыл сенімді ақтады. «Астананың» белді ойыншысына айнала білді. Тіпті көпшілік сүйспеншілігіне бөленді. Ең бастысы, Неманья Максимович пен Рохер Каньясты жоқтатпай, екеуінің де орнын толтыра білді.

Ал «Астана» клубының «2017 жылғы ең үздік жаңа ойыншысы» сауалнамасында бестікке іліккен футболшылар тізімі төмендегідей:

1. Иван Маевский – 54,9%
2. Марин Томасов – 13,6%
3. Ласло Кляйнхайслер – 9,2%
3. Роман Муртазаев – 9,2%
5. Дидар Жалмұқан – 5.7%

Автор: Айқын Жаппар
Яндекс.Метрика