Вернуться к списку статей

Жолшиев екі жылдан кейін жасыл алаңға қайта орала ма?

Футбол
1K
Фото fca.kz сайтынан
«Астана» футбол клубының бұрынғы ойыншысы Бауыржан Жолшиевтің жасыл алаңға қайта оралуы да мүмкін сияқты...

Отандық kazfootball.kz басылымы «Бауыржан Жолшиевтің қаңтар айының басында “Ордабасы” клубымен бірінші оқу-жаттығу жиынына барып, сынақтан өтеді» деп жазды. Бұл ақпаратты басқа басылымдар бірден қағып әкетті.

Естеріңізге сала кетейік, Бауыржан Жолшиев 2015 жылы 9 желтоқсан күні «Астана» клубының сапында Чемпиондар лигасының топтық кезеңі аясындағы соңғы матчта алаңға шыққан болатын. Түзде «Галатасарай» клубымен өткен ойынның 1:1 есебімен аяқталғаны да естеріңізден шыға қоймаған шығар.

Содан бері Бауыржан Жолшиев ресми түрде ешқандай ойын өткізген жоқ. Былтыр Қазақстан премьер-лигасындағы кейбір клубтар талантты футболшыға қызығушылық танытқандай да еді. Солардың бірі дәл осы «Ордабасы» болатын.

Ал биыл, жыл басында (дәлірек айтқанда, ақпан айында) Бауыржан Жолшиев Түркияға барып, «Ақтөбе» клубының оқу-жаттығу жиынына қатысқан. Бірақ беймәлім себептермен бұл команданың да жейдесін кимеді... 27-ден асқан дарынды футболшы осылай өз командасын әлі таппай жүр...

Автор: Әлихан Жаппар
Яндекс.Метрика