Вернуться к списку статей

Қазақстан жастары бір күнде екі ойын өткізбек

Футбол
1K
Қазақстан жастары бір күнде екі ойын өткізбек
Футболдан Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Талғардағы оқу-жаттығу жиынын бастады. Бір аптаға созылатын бұл жиында аға жаттықтырушы Александр Кузнецов үш жолдастық кездесу өткізбек.

Естеріңізге сала кетейік, осыдан он күн бұрын УЕФА жасөспірімдер құрамаларының жеребе тарту рәсімін өткізіп, Қазақстан футболшыларының қарсыластарын анықтап берген. Жерлестеріміз Еуро-2019 іріктеу додасында Сербия, Польша және Солтүстік Ирландия құрамаларына қарсы ойнайды. Осыған орай, жаттығу жиынын жасөспірімдер қазірден бастап кетті. Бірақ бір қызығы, құрамада «Астананың» жас таланттары Мәди Жақыпбаев пен Сұлтан Сағынаев бар. Александр Кузнецов бұл жігіттерге демалыс беруді жөн көріпті. Сондай-ақ, «тараздық» талант Еркебұлан Сейдахмет те жоқ. Кузнецов мұны футболшының жарақат алып қалғандығымен түсіндірді.

Жаттығу жиыны барысында команда үш жолдастық кездесу өткізбек. Алдымен ертең кешкісін жерлестерімізді ЦСКА және «Алматы командаларына қарсы екі ойын күтіп тұр. Одан кейін 20 желтоқсанда «Қайратпен» ойнайды.

Оқу-жаттығу жиынына шақыртылған Қазақстан U-19 құрамасы:

Қаққпашылар: Вадим Саенко, Олег Медведев (екеуі де – «Астана»);

Қорғаушылар: Сағи Совет, Санжар Айтым, Әлім Ілиясов, Дінмұхаммед Қашкен, Самат Мәжитов (бәрі де – «Астана»), Бексұлтан Шәмші, Даниел Мәуленов (екеуі де – «Ордабасы»), Қанат Жұпказиев («Крузейро»), Тайыр Нұрсейітов («Шахтёр»);

Жартылай қорғаушылар: Руслан Махан, Жасұлан Қайыркенов (екеуі де – «Астана»), Нұралы Мамырбаев («Ордабасы»), Дмитрий Бачек, Дінмухамед Қараман, Нұрбол Нұрберген (бәрі де – «Крузейро»), Вадим Сидоров («Қайрат»), Арман Кеңесов («Ертіс»), Никита Лунёв («Шахтёр»), Антон Скворцов, Александр Усачёв (екеуі де – «Ақтобе»), Карен Джанунц («Тараз»);

Шабуылшылар: Владислав Прокопенко («Астана»), Амал Сейітов («Еңбек»), Иван Сизов («Қайрат»), Денис Красноперов («Ертіс»), Виктор Грабко («Атырау»);

Жолдастық кездесулер:

16.12.2017.  Қазақстан - ЦСКА (Алматы) - 17:00

16.12.2017.  Қазақстан - «Алматы» (Алматы) - 18:30

20.12.2017.  «Қайрат» (Алматы) - Қазақстан - 14:30

Автор: Әзиз Жұмаділ
Яндекс.Метрика