Вернуться к списку статей

Қай құраманың бапкері?

Футбол
1K
Қай құраманың бапкері?
Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Александр Бородюктен сұхбат алған Ресейдің «Россия 24» телеарнасы кадрға Өзбекстан ұлттық құрамасының жаттығуын берген.

Бұған дейін Қазақстан ұлттық құрамасы Румынияға Өзбекстанның ұшағымен ұшып барған еді. Бұл жолы Александр Бородюктен сұхбат алып жатқан Ресейдің «Россия 24» телеарнасы кадрға Қазақстан ұлттық құрамасымен қатар Өзбекстан футболшыларының жаттығуларын да беріп жіберіпті. Соған қарағанда біздің футболды бір тылсым күш өзбектерге тартып тұрады-ау. Әлде, әлгі «ұшақтың оқиғасынан» кейін ресейліктер Бородюкті Өзбекстан ұлттық құрамасын жаттықтырады екен деп ойлап қалды ма?


Жарайды, мұны енді техникалық ақау дейік немесе тілшілердің қателігі деп айтайық, бірақ факт осы. Бородюктен сұхбаттасып жатқан сәтте кадрда Өзбекстан ұлттық құрамасының жаттығуы беріліп жатты.

Естеріңізге сала кетейік, өткен аптада әйелдер арасындағы 2019 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясындағы Англиядағы ойынға барған Қазақстан қыздар құрамасының бас бапкері Айтбай Жамантаев матч алдындағы гимн орындалу барысында басына «Russia» деген баскиім киіп алған болатын.

Автор: Әзиз Жұмаділ
Яндекс.Метрика