Вернуться к списку статей

Александр Бородюк ФИФА президентінің қолынан сыйлық алды

Футбол
1K
Александр Бородюк ФИФА президентінің қолынан сыйлық алды
Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Александр Бородюк Мәскеуде өткен 2018 жылғы әлем чемпионатының жеребе тарту рәсімінде қонақ болып, ФИФА президенті Джанни Инфантиноның қолынан естелік сыйлық алды.

Кремль сарайында өткен жеребе тарту рәсіміне Александр Бородюк ФИФА-дан шақыртуды Олимпиада чемпионы болғаны үшін және Ресей құрамында 1994 жылғы әлем чемпионатына қатысқаны үшін алды. Ал 30 қараша күні 55 жасқа толды. Дәл осы күні Мәскеуде Ресей астанасына келген барлық қонақтардың қатысуымен ФИФА банкеті өткен болатын. Сол жерде Джанни Инфантино Бородюкке өзінің қолтаңбасы қойылған допты тарту етті. Бұл туралы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында ресейлік журналист Илья Казаков хабарлады.

– Кеше ФИФА банкетінде күтпеген керемет сәт болды. Инфантино Бородюктің жанына келді де мерейтойымен құттықтап, 2018 жылғы әлем чемпионатының добына қолтаңбасын қойып, сыйлады. Одан кейін екеуі ұзақ сөйлесті. ФИФА президенті немісше де жақсы сөйлейді, - деп жазды Казаков.


Жалпы, Александр Бородюктің Инфантиномен кездесуі бірінші рет емес. Бұған дейін Конфедерация кубогында да екеуі бірге Владимир Путинмен бірге турнирдің ашылу рәсімін тамашалаған.

Ал Қазақстан ұлттық құрамасымен Александр Бородюк биыл жеті кездесу өткізіп, соның алтауында ұтылған. Бас командамызға бір ғана ұпай әперіп, ел футболының тарихындағы ең нәтижесі төмен бапкердің рейтингін бастады.

Автор: Әзиз Жұмаділ
Яндекс.Метрика