Вернуться к списку статей

“Еуро-2016” додасынан Қазақстан клубтарына бұйырғаны – 1 199 386 еуро

Футбол
2K
2016 жылғы Еуропа чемпионатының електік додасы. Чехия – Қазақстан. Фото: kff.kz
«УЕФА 2016 жылғы Еуропа чемпионатының електік және финалдық ойындары қатысқан футболшылардың клубтарына 150 миллион еуро бөлді», – деп хабарлайды Еуропа футбол қауымдастықтары одағының ресми сайты.

УЕФА өз құрамындағы 54 ұлттық қауымдастықтың (федерацияның) барлық клубтарына жалпы сомасы 150 миллион еуро қаржы бөледі. Өйтені бұл клубтардың ойыншылары 2016 жылғы Еуропа чемпионатының електік және финалдық ойындарында өнер көрсеткен.

Барлығы 641 футбол клубы өз ойыншылары 2016 жылғы Еуропа чемпионатының електік және финалдық ойындарында өнер көрсеткені үшін төлемақы алады екен. Бұл ретте, УЕФА ресми сайты әр клубтың қанша қаржы алатындығын толық жариялап отыр.

Төлемақы 54 ұлттық қауымдастықтың бәрінің де футбол клубтарына төленеді екен. Жалпы, «ЕУРО-2016» додасы аясында 329 матч өткен. Оның 278-і – електік кезеңде (іріктеу турнирлерінде), ал 51 ойын – финалдық додада.

УЕФА мен Еуропа клубтары қауымдастығы (АЕК) арасындағы 2015 жылы ұзартылған өзара түсінушілік Меморандумы шарттарына сәйкес, футбол клубтарына жалпы сомасы 150 миллион еуро аударылады.

Бұл «ЕУРО-2012» додасына қарағанда 50 миллион еуроға көп екен. Ал «ЕУРО-2020» додасында клубтарға бөлінетін қаржы тағы да 50 миллион еуроға артып, жалпы сомасы 200 миллион еуро болады деп жоспарлап отыр, УЕФА-ның ресми сайты.  

УЕФА Атқару комитеті бекіткен қағида бойынша, осы 150 миллион еуроның 100 миллионы ойыншылары «ЕУРО-2016» додасының финалында ойнаған клубтарға бөлінеді. Ал қалған 50 миллион еуро ұлттық құрамалары финалдық кезеңге шыға алмаса да, ойыншылары електік сатыдағы ойындарда өнер көрсеткен клубтарға тиесілі.

Осыған орай, Қазақстаннан 12 клуб жалпы сомасы 1 199 386 еуро төлемақы алатын болып отыр.


Жалпы, Қазақстан ұлттық құрамасы 2016 жылғы Еуропа чемпионатының електік додасында 10 ойын өткізді. УЕФА-ның төлемақы төлеу есебі бойынша біздің әрбір ойыншымыздың бір ойынына 4,307 еуро төленуі керек. 

Сонымен қатар, көптеген клубтарымызда өз елдерінің ұлттық құрамаларының намысын қорғаған легионерлер де болды. Анатолий Тимощук тіпті Еуропа чемпионатының финалдық додасында бір ойында алаңға шықты.

УЕФА-дан төлемақы алатын Қазақстан клубтары:

1. «Қайрат» – 316 225 
2. «Ақтөбе» – 239 664 
3. «Астана» – 217 489
4. «Ордабасы» – 150 355
5. «Шахтер» – 87 707 
6. «Тараз» – 50 118
7. «Атырау» – 45 941
8. «Ертіс» – 33 412
9. «Тобыл» – 29 235
10. «Қайсар» – 16 706
11. «Жетісу» – 8 353
12. «Оқжетпес» – 4 176

Автор: Нұрғазы Сасаев
Яндекс.Метрика