Вернуться к списку статей

Жасөспірімдер құрамасы «Қайраттың» таланттарынан ұтылып қалды

Футбол
1K
Қазақстан-U17 құрамасы Талғарда оқу-жаттығу жиынын өткізді. Фото: kff.kz
17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы Қазақстан құрамасы Талғарда оқу-жаттығу жиынын аяқтады.

Игорь Свечников жаттықтыратын Қазақстан-U17 құрамасы 20-28 қараша аралығында оқу-жаттығу жиынын өткізді. Осы жиын барысында үш жолдастық кездесу өткізіп, екеуінде жеңіске жетіп, соңғысында ірі есеппен ұтылып қалды.

Бірақ Қазақстан-U17 құрамасы да өзге елдердегі өздерінің құрдастарымен емес, ұлттық құрамамыз сияқты «елішілік» жолдастық кездесулер өткізді. Нақтырақ айтқанда, екі рет «Қайрат» клубы академиясының бозбалаларымен және «Еңбек» клубының өрендерін кездесті.

«Қайрат-U17» командасының жаттықтырушысы Кирилл Моруновтың ҚФФ сайты жариялаған пікіріне сүйенсек, Қазақстан-U17 құрамасы сапына оның 12 шәкірті шақырылған екен. Яғни алматылықтардың құрамы селдіреп, тіпті әлсіреп қалса керек еді. Алайда...

Алайда «Қайраттың» жас қырандары бірінші ойында ұтылып қалғандарымен, екіншісінде есе қайтарды. Әрі екі ойында да голдардың бәрін алматылықтар соқты. Қазақстан-U17 құрамасының аға жаттықтырушысы Игорь Свечников екінші матчтағы жеңілісті шәкірттерінің алдағы кездесулерде көп күш жұмсап, шаршаңқырап қалғандарымен байланыстырыпты...

17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы Қазақстан құрамасының жолдастық кездесулері:

24.11.2017

Қазақстан-U17 – «Қайрат-U17» – 2:0

Голдар: Мусоров, 18. Алтаев, 19-автогол.

25.11.2017

Қазақстан-U17 – «Еңбек-U17» – 9:0

Голдар: Рогальский, 1. Рогальский, 11. Кіргенов, 46. Меделхан, 52. Кіргенов, 54. Қуаныш, 68. Кіргенов, 69. Жұмабеков, 80+2. Рахманбердиев, 80+4.

27.11.2017

Қазақстан-U17 – «Қайрат-U17» – 1:4

Голдар: Айманов, 20 – Құсайынов, 2. Құсайынов, 21. Сүлеймен, 51. Мусоров, 57.

Автор: Нұрғазы Сасаев
Яндекс.Метрика