Вернуться к списку статей

Бір атаның балалары футбол ойнайды

Футбол
2K
«Бір атаның балалары футбол ойнайды» додасы биыл 9-10 желтоқсан күндері Алматыда өтеді.

«Отбасылық доп додасы биыл Алматыдағы ҚазМУ спортзалында өтеді» деп хабарласты осы турнирдің негізін қалаушы, елімізге танымал спорт журналисі және қайраткері Несіп Жүнісбайұлы. Қазір қатысушылардан өтініш қабылданып жатыр.

Доп додасына қатысу үшін өтінішті ватсап немесе электропошта арқылы жіберуге болады екен (nessport@ mail. ru). Ал дәрігер рұқсат берген мөрі бар өтініштің түпнұсқасын әр команда өзімен ала келуі керек екен. Жарна – 20 000 теңге.

Осыған орай 8 желтоқсан күні сағат 17:00-де биылғы дода өтетін спортзалда жеребе тартылып, ресми түрде тіркеу рәсімі өтеді екен. Оған әр команданың өкілі міндетті түрде қатысуы керек. Біз қатысушыларға сәттілік тілейміз.

Автор: Нұрғазы Сасаев
Яндекс.Метрика