Вернуться к списку статей

"Астана" еліміздің ең үздік жас ойыншысымен келісімшартқа отырды

Футбол
1K
2017 жылғы футбол маусымының ең жас үздік ойыншысы деп танылған «Тараз» футбол клубының жартылай қорғаушысы Бақтияр Зайнутдинов жасыл алаңдағы карьерасын «Астанада» жалғастырады.

«Астана» келесі маусымға дайындықты қазірден бастап кеткен сияқты. Мұның алдында елордалықтар «Ақжайық» пен Қазақстан жастар құрамасының жартылай қорғаушысы, 21 жасар Юрий Перцухпен келісімшартқа отырған. Алматы футбол мектебінің түлегі оңтүстік астаналық ЦСКА-дан бөлек, Бірінші лигада «Бәйтерек» пен «Қызыл-жар» командаларында доп теуіпті. Премьер-лигадағы дебютін биыл «Ақжайық» сапында өткізіп, екі гол соққан және әріптестеріне үш нәтижелі пас шығарып берген.


Одан кейін елордалықтар «Тараз» футбол клубының 19 жасар жартылай қорғаушысы Бақтияр Зайнутдиновпен келісімшартқа отырды. 2017 жылы «Тараз» сапында 27 ойын өткізіп, 7 голдың авторы атанған және әріптестеріне үш нәтижелі пас шығарып берген футболшы «Астанамен» үш жылдық келісімшартқа қол қойыпты. Бақтияр U-17, U-19 және Қазақстан жастар құрамаларының жейдесін киген. Ұлттық құрамамыздың қараша айындағы оқу-жаттығу жиынына қатысып, жолдастық кездесуде Қазақстан жастар құрамасының қақпасына гол соққан. 

Автор: Асфендияр Жанаділ
Яндекс.Метрика