Вернуться к списку статей

УЕФА кубогы – «Қайрат» Испанияда додаға түседі

Футбол
1K
Ертең кешке «Қайрат» футзал клубы УЕФА кубогының соңғы електік додасындағы бірінші ойынын өткізеді.

«Қайрат» УЕФА кубогының соңғы кезеңінде (немесе жартылай финалдық додасында) «D» тобына түскен болатын. Қарсыластары – аталмыш кубок додасының соңғы жеңімпазы және төрт дүркін чемпионы «Интер» және «Брага/ААУМ» (Португалия), «Дева» (Румыния) клубтары.

«D» тобының ойындары Испанияның Торрехон-де-Ардос қаласында өтеді. «Қайрат» бірінші ойынын ертең Румынияның «Дева» футзалшыларымен өткізеді. 24 қарашада Португалия клубымен кездесіп, сенбі күні демалып, жексенбіде «Интермен» “шайқасады”.

Финалға соңғы електік кезеңдегі төрт топтан бір командадан ғана шығады. Яғни әр топтың жеңімпазы ған «Төртеу финалында» бақ сынау құқығына ие болады. «Интермен» бір топқа түсіп қалған «Қайратқа» бірінші орынға ие болу... оңай емес, әрине.

«Қайрат» футзал клубы бұл додаға мына құраммен аттанды (Өкінішке қарай, Дәурен Нұрғожин жарақаттанып қалып, Испанияда ойнай алмайтын болды):

қақпашылар

№1 Дуду
№2 Игита

алаңдағы ойыншылар

№3 Тайнан
№5 Серік Жаманқұлов
№7 Даниель Роса
№8 Дінмұхамбет Сүлейменов
№ 10 Лео
№11 Михаил Першин
№12 Алешандре
№13 Золтан Дрот
№14 Дуглас
№15 Хоссейн Тайеби
№17 Эдуардо
№18 Шыңғыс Есенаманов

Бас бапкер – Рикардо Камара Собрал (Какау).

Автор: Айқын Жаппар
Яндекс.Метрика