Вернуться к списку статей

Ұлттық құрама жастарымызды жеңіп, «мәз» қылды

Футбол
1K
Қазақстан құрамасы жаттығу кезінде. Фото: kff.kz
Бүгін Қазақстан ұлттық құрамасы еліміздің жастарымен жолдастық кездесу өткізіп, жеңіске жетті.

Ресей маманы Александр Бородюк жаттықтыратын ұлттық құрамамыз биыл алғаш рет жеңіске жетті. Бірақ өздеріндей сақа футболшыларды емес, еліміздің жастарынан басым түсті. Олардың алаңға шыққан бүгінгі қарсыластарын жастар құрамасы деудің өзі артықтау секілді...

Өйткені жастар құрамасының қаймағын ұлтттық құрама сүзіп алған. Яғни көзге түсіп жүрген ең үздік ойыншыларын өз сапына тартқан болатын. Сондықтан Қазақстан-U21 құрамасы сапында жаңа футболшылар көп болды. Владимир Никитенко біршама жас жігіттерімізді іс жүзінде тексеріп көрді.

Сөйтіп, Қазақстан ұлттық құрамасы жастарымызға басымдық танытты. Әр таймда екі голдан соқты. Алайда жастар құрамасы да қарап қалмады. Бір гол соғып, ұлттық құраманың осал тұсын көрсетіп берді. Айта кетерлігі, екі ұжым да әр таймда әртүрлі құрамамен ойнады. Енді 11 қараша күні осы екі команда тағы бір жолдастық кездесу өткізеді.

Қазақстан ұлттық құрамасы – Қазақстан-U21 – 4:1 (2:0)

Голдар: Исламхан, Мұртазаев, Тұрысбек, Зайнутдинов – Котов.

Қазақстан (1-тайм): Игорь Шацкий, Ян Вороговский, Тимур Рудосельский, Елдос Ахметов, Михаил Габышев, Асхат Тағыберген, Исламбек Қуат, Магомед Парагульгов, Роман Мұртазаев, Бауыржан Исламхан, Алексей Щеткин.

Қазақстан (2-тайм): Марсель Исламқұлов, Григорий Сартаков, Михаил Габышев, Тимур Рудосельский, Александр Соколенко, Еркебұлан Тұңғышбаев, Бауыржан Исламхан, Дидар Жалмұқан, Бактиер Зайнутдинов, Бауыржан Тұрысбек, Тоқтар Жаңғылышбай.

Қазақстан жастар құрамасы (1-тайм): Бекхан Шайзада, Ескендір Қыбырай, Кирилл Алексеев, Әлімбек Қасым, Елжас Сарыбай, Рауан Орынбасар, Рамазан Оразов, Наурызбек Жагоров, Артем Попов, Ақмаль Бахтияров, Артем Шушеначев.

Қазақстан жастар құрамасы (2-тайм): Игорь Трофимец, Александр Стародубов, Максим Чалкин, Руслан Әлімбаев, Айболат Макуов, Рафаиль Оспанов, Максим Котов, Ұлан Өтешев, Сүлімжан Бакиев, Едіге Оралбай, Темірлан Әміров.

Автор: Нұрғазы Сасаев
Яндекс.Метрика