Вернуться к списку статей

Гафуржан Сүйімбаевтың голы Еуропадағы үздік ондыққа енді

Футбол
1K
Гафуржан Сүйімбаевтың голы Еуропадағы үздік ондыққа енді
УЕФА 2018 жылғы әлем чемпионатына іріктеу додасының аясындағы ең әсем голдардың үздік ондығын ұсынды. Олардың арасында Гафуржан Сүйімбаевтың да голы бар.

УЕФА өзінің ресми сайтында 2018 жылғы әлем чемпионатының Еуропа аймағындағы іріктеу додасында соғылған ең үздік голдарды теріп, екі бейнеролик жасапты. Екі ондықта да Қазақстан ұлттық құрамасының қорғаушысы Гафуржан Сүйімбаевтың Дания қақпасына соққан голы да бар.

Естеріңізге сала кетейік, Гафуржан Сүйімбаев Дания қақпасына голды 2016 жылдың 11 қарашасында Копенгагенде соққан болатын. «Қайрат» қорғаушысы допты оң қапталдан қабылдады да, қақпаға 35 метрге жуық қашықтықтың болғанына қарамастан сол аяғымен қақырата тепкен. Жерлесіміздің бұл голы таразы басын теңестіргенімен сол ойында Қазақстан құрамасы 1:4 есебімен жеңіліп қалған еді.

Ең үздік голдарды іріктеу барысында УЕФА олардың рейтингін жасамаған. Яғни, ТОП ондықта Гафуржанның голы нешінші орында екендігін көрсетпеген. Тек сол 10 әдемі голды тізіп шыққан.

Айтпақшы, бұл ондықта Қазақстан қақпасына соғылған гол да бар. Дәл сол Дания – Қазақстан матчы. Төреші қосқан төрт минуттың екіншісінде Кристиан Эриксеннің екі қорғаушымызды қатар алдап өтіп, қақпаға соққан голы да рейтингке еніпті.

Жалпы, 2018 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу додасында Қазақстан ұлттық құрамасы 10 ойында бірде-бір жеңіске жете алмай, 3 матчты тең өткізсе, қалған жетеуінде жеңілістің кермек дәмін татуға мәжбүр болған. Қарсылас қақпасына 6 гол соғып, өз қақпамыздан 26 доп алып шығыппыз. 3 ұпаймен турнир кестесін соңғы орында қорытындыладық.


Ең үздік 10 гол (1-ші нұсқа)

№1. Костас МИТРОГЛУ (Грекия)

Гибралтар – Грекия 1:4 (10-мин)

№2. Маркус БЕРГ (Швеция)

Швеция – Голландия 1:1 (43-мин)

№3. Гафуржан СҮЙІМБАЕВ (Қазақстан)

Дания – Қазақстан 4:1 (17-мин)

№4. Джо АЛЛЕН (Уэльс)

Аустрия – Уэльс 2:2 (22-мин)

№5. Спас ДЕЛЕВ (Болгария)

Болгария – Голландия 2:2 (5-мин)

№6.Ромелу ЛУКАКУ (Бельгия)

Бельгия – Босния 4:0 (79-мин)

№7. Кристиан ЭРИКСЕН (Дания)

Дания – Қазақстан 4:1 (92-мин)

№8. Поль ПОГБА (Франция)

Голландия – Франция 0:1 (30-мин)

№9. Алешандре МАРТИНЕС (Андорра)

Андорра – Швейцария 1:2 (91-мин)

№10. Криштиану РОНАЛДУ (Португалия)

Португалия – Венгрия 3:0 (65-мин)

Үздік ондықтың бірінші нұсқасымен мына сілтеме бойынша таныса аласыздар.

Ең үздік 10 гол (2-ші нұсқа)

№1. Себастьян РУДИ (Германия)

Солтүстік Ирландия – Германия 1:3 (2-мин)

№2. Костас МИТРОГЛУ (Грекия)

Гибралтар – Грекия 1:4 (10-мин)

№3. Маркус БЕРГ (Швеция)

Швеция – Голландия 1:1 (43-мин)

№4. Гафуржан СҮЙІМБАЕВ (Қазақстан)

Дания – Қазақстан 4:1 (17-мин)

№5. Алешандре МАРТИНЕС (Андорра)

Андорра – Швейцария 1:2 (91-мин)

№6. Павел САВИЦКИЙ (Беларусь)

Беларусь – Болгария 2:1 (80-мин)

№7. Оливье ЖИРУ (Франция)

Швеция – Франция 2:1 (37-мин)

№8. Аксель ВИТСЕЛ (Бельгия)

Бельгия – Гибралтар 9:0 (27-мин)

№9. Александр РИНГ (Финляндия)

Финляндия – Исландия 1:0 (8-мин)

№10.Эмре ДЖАН (Германия)

Германия – Әзірбайжан 5:1 (81-мин)

Үздік ондықтың екінші нұсқасымен мына сілтеме бойынша таныса аласыздар

Ал сіздіңше ең әдемі голдың авторы кім?

Автор: Әзиз Жұмаділ
Яндекс.Метрика