Вернуться к списку статей

“Тобыл” Ресейдің әйгілі “Динамосын” тізе бүктірді

Футбол
1K
«Тобыл» футбол клубы да Түркияда жолдастық кездесу өткізіп, Мәскеудің «Динамосын» 2:0 есебімен тізерлетті.

Түркияда оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатқан Қостанайдың «Тобылы» Мәскеудің әйгілі «Динамосымен» кездесіп, 2:0 есебімен басым түтсті. Реті келгенде айта кетейік, қазір мәскеулік динамошылар Ресей чемпионатының Ұлттық футбол лигасында (1-лига) ойнайды. Бірақ 24 ойыннан 54 ұпай еншілеп көш бастап келеді.

Алайда «Тобыл» тартынбады. Ресейдің бірінші лигасының көшбасшысымен өткен ойында басымдық танытты. Әрі жас футболшыларын да алаңға шығарып, татысты додада сынап көрді.

Кездесудің 10-минутында Рауль Джалиловтың сол қанаттан әуелете тепкен добын Алексей Щеткин басымен қақпаға енгізді. Ал 34-минутта Бимур Жақыпов айып алаңына баса-көктеп кіріп, допты Душан Савичке бере қойды. «Тобылдың» сұрмергені мұндай мүмкіндікті мүлт жіберген жоқ.

«Динамо» Қазақстан клубын “қалпақпен ұрып” ала алмасын түсініп, екінші таймда ең үздік ойыншыларының бәрін алаңға шығарды. Бірақ сонда да Қазақстан клубының қақпасына гол соға алмай, пұшайман болды.

Ресейліктер тіпті үшінші рет қақпаларынан доп қармай жаздады. Қорғаушылары Щеткинді шалып жығып, төреші пенальти берген. Алайда Томаш Шимкович «Динамоның» қақпашысынан айласын асыра алмады. Есесіне, «Тобылдың» Украинада келген жаңа қапшысы Дмитрий Непогодов та ресейліктердің бірнеше қауіпті соққыларын тойтарды.

«Тобыл» (Қостанай) – «Динамо» (Мәскеу) – 2:0

Голдар: Щеткин, 10. Савич, 34.

47-минутта Шимкович пенальти соға аламады.

«Тобыл»: Непогодов, Жарынбетов, Малый, Сартаков, Мухутдинов, Жақыпов, Кассай, Джалилов, Шимкович, Савич, Щеткин.

Екінші таймда алаңға шыққандар: Мирошниченко, Эльмурзаев, Главина, Жаңғылышбай.

«Динамо» (Мәскеу): Нарубин (Лещук, 46), Морозов (Белоруков, 46), Хольмен (Рыков, 46), Калугин, Уилкшир (Козлов, 46), Темников (Маркелов, 46), Соснин (Сапета, 46), Сарамутин (Зотов, 46), Кузьмин (Бечирай, 60), А.Терехов (Катрич, 46), Луценко (Обольский, 30; Погребняк, 61).

Бас бапкері: Юрий Калитвинцев

Автор: Нұрғазы Сасаев
Яндекс.Метрика