Вернуться к списку статей

Қазақстан чемпионатында қай команда қанша жүлде алды?

Футбол
2K
«Астана» төрт жыл қатарынан Қазақстан чемпионы атанып, жаңа рекорд орнатты.

Бұған дейін ешбір клуб төрт жыл қатарынан чемпион болған жоқ еді. Бұл тұрғыда ел «рекорды» «Ақтөбеге» тиеслі болатын. «Ақтөбе» 2007, 2008 және 2009 жылдары үш рет қатарынан Қазақстан чемпионы болған.

Енді осы бір ерен жетістікті елордалықтар бұзып, жаңартып отыр. «Астана» футбол клубы 2014, 2015, 2016 және 2017 жылдары ел біріншілігінде топ жарып, төрт рет қатарынан чемпиондық атақты жеңіп алды.

Жалпы, чемпиондық атағы жағынан бәрінен алда – «Ертіс» (1993, 1997, 1999, 2002, 2003) және «Ақтөбе» (2005, 2007, 2008, 2009, 2013). Аталған клубтар – еліміздің бес дүркін чемпиондары. «Астана» биыл төртінші рет топ жарды. Екі команда үш рет теңдессіз танылды – «Елім-ай» (1994, 1995, 1998) және «Жеңіс» /кейіннен – «Астана-1964/ (2000, 2001, 2006).

Жүлдесі көп команда да – «Ертіс». Енді 1992 жылдан бергі Қазақстан чемпионаттарында жүлдеге ілікен командалар тізіміне көз жүгіртіңіздер:


Автор: Айқын Жаппар
Яндекс.Метрика