Вернуться к списку статей

Легионерлер мен құдалар арасындағы ұқсастық – Келіп бір және кетіп бір қуанту

Футбол
2K
Герсон Асеведо (сол жақта) және Игор Шитов (ортада) Батысқа қарай ойыса ма?
Қазақстан чемпионатындағы азулы екі клубтың қос легионері әр түрлі себептермен Еуропаға қарай ойысатын сияқты.

Ел чемпионы «Астанадан» тағы бір ойыншы кететін секілді. Бірақ ол да әзірше жалға берілетіндей. Беларусь басылымы pressball.by таратқан ақпаратқа сенсек, «Астана» клубының қорғаушысы Игорь Шитовқа «Шахтер» (Солигорск) командасы қызығушылық танытып отырған көрінеді.

Аталмыш басылым Беларусь құрамасының қорғаушысы, яғни Игорь Шитов жазға дейін Солигорскінің «Шахтеріне» жалға беріледі деп отыр. Естеріңізге сала кетейік, бұл командаға жақында ғана Қазақстан құрамасының шабуылшысы Сергей Хижниченко ауысқан болатын.

Ал Сербиядағы mozzartsport.com басылымы «Қайраттың» қымбат ойыншыларының бірі Герсон Асеведоның «Црвена Звезда» клубына ауысуы әбден мүмкін екенін жазады. Бірақ бұл келіссөздер өте құпия түрде жүргізіліп жатқандай... 

Автор: Нұрғазы Сасаев
Яндекс.Метрика