Вернуться к списку статей

Рохер Каньяс АПОЭЛ клубының жейдесін киді

Футбол
1K
Рохер Каньяс АПОЭЛ жейдесін киді. Фото: apoelfc.com
АПОЭЛ клубының ресми сайты Рохер Каньяспен 2017 жылдың мамыр айына дейін келісімшартқа отырғандығын жариялады.

«Астана» футбол клубының жартылай қорғаушысы Рохер Каньяс АПОЭЛ клубына ауысты. Кипр клубының ресми сайты Колумбия футболшысымен мамыр айына дейін келісімшартқа отырғандығын мәлімдеді.

Рохер Каньяс АПОЭЛ сапында 80-нөмірлі жейдемен ойнайтын болыпты. Кипр клубы Колумбия футболшысына ерекше сенім артатындықтарын білдіріп, ерен жетістіктерге бірге қол жеткізетіндерінен үмітті екендерін де айрықша атап өткен.

Жалпы, Каньяс қазақ топырағына 2012 жылы келді. Әуелі Қарағандының «Шахтер» клубында ойнады. Сол жылы Қазақстан чемпионы болып, ел кубогы мен суперкубогының да иегері атанды.

Одан кейін «Астанаға» ауысты. Елорда клубының намысын төрт жылдай қорғап, тағы да үш рет Қазақстан чемпионы болды. Астаналықтар сапында да ел кубогы мен суперкубогының иегері атанды. Еурододаларда ерекше көзге түсті.

2009 жылы «Индепендьенте Медельин» клубымен Колумбия чемпионы болғанын ескерсек, енді үшінші елдің алтын жүлдесін иеленуге мүмкіндігі зор. Бұлай дейтін себебіміз, АПОЭЛ – Кипрдің 25 дүркін чемпионы. 

Автор: Айқын Жаппар
Яндекс.Метрика