Вернуться к списку статей

«Қайрат» УЕФА кубогының иегерімен бір топқа түсті

Футбол
1K
Бүгін Ньонда футзалдан УЕФА кубогының соңғы топтық кезеңінің, яғни жартылай финалдық додасының жеребесі тартылды.

УЕФА кубогының негізі кезеңінде Беларустің «Сталицасынан» ұтылып қалып, 1-топта екінші орынға ие болған «Қайрат» жеребе тарту алдында өз жағдайын қиындатып алған еді. Соның кесірінен «Интер», «Барселона» және «Спортинг» сынды азулы клубтармен бір топқа түсу мүмкіндігі арта түсті.

Әрі жеребесі жеңіл түспей, УЕФА кубогының соңғы жеңімпазы және төрт дүркін чемпионы «Интер» футзалшыларымен «D» тобына түсті. Әрі бұл топтың ойындары 21-26 қараша күндері Испанияда өтеді. Ал «Сталица» «C» тобын бастып тұр...

«A» тобы (Италияда): «Барселона» (Испания), «Экономац» (Сербия), «Кнооппунт» (Нидерланды), «Пескара» (Италия);

«B» тобы (Португалияда): «Спортинг» (Португалия), «Дина» (Ресей), «Национал» (Хорватия), «Халле-Гооик» (Бельгия);

«C» тобы (Венгрияда): «Сталица» (Беларусь), «Лупаренсе» (Италия), «Херсон» (Украина), «Дьёр» (Венгрия);

«D» тобы (Испанияда): «Интер» (Испания), «Қайрат» (Қазақстан), «Брага/ААУМ» (Португалия), «Дева» (Румыния).

Автор: Айқын Жаппар
Яндекс.Метрика