Құрамы селдіреп қалған «Астана» бұл ойында алаңға қосалқы құрамда отырған ойыншыларының біразын шығаруға мәжбүр болды. Өйткені «Астананың» Ласло Кляйнхайслер, Марин Аничич, Срджан Граховац, Джордже Деспотович, Серікжан Мұжықов, Дмитрий Шомко сынды ойыншылары әлі жарақаттарынан айықпаған. Ал Патрик Твумаси Гана құрамасының сапынан әлі ұшып келмеген көрінеді.
Сондықтан бүгін Берік Шайыхов пен Владислав Прокопенко негізгі құрамда алаңға шығып, өздерінің қабілеттерін паш ету мүмкіндігіне ие болды. Сондай-ақ, соңғы кездері алаңға екінші таймда шығып жүретін Асхат Тағыберген мен Роман Муртазаев та, көбінесе қосалқы құрам орындығында отыратын Сергей Малый да 11 ойыншы қатарына ілігіп, додаға түсті. Ал Абзал Бейсебеков тіпті команда капитаны болды.
«Астананың» жағдайы түсінікті дейік. Ал «Шахтер» Милан Стоянович пен Марко Станоевичті негізгі құрамда алаңға шығармай, көпшілікті таң қалдырды. Матчтан соң кеншілер клубының бас бапкері Стояновичтің үш ескертуі бар екендігін, «Қайсармен» болатын маңызды матч алдында төртінші рет сары қағаз алып қалмауын ойлап, сақтануға тырысқанын тілге тиек еткен.
Жалпы, ойын аса қызықты болмады. «Шахтер» негізінен қорғанып, «Астананың» шабуылын тойтарумен болды. Аракідік ұйымдастырған қарсы шабуылдары пәрменді болып шықпады. Ал қонақтардың шабуылдары айтарлықтай жоғары жылдамдықта өрбімеді. Алаң иелері бәріне де үлгеріп отырды.
Екінші таймда «Астана» шабуылды үдетті. Алайда кеншілер клубы сауатты түрде қорғана берді. Әрі «Шахтердің» қақпашысы Игорь Шацкий ширақ қимылдап, де шеберлік таныткжан жалықпады. Әйтсе де, қонақтар бір гол соғып, Теміртаудан үш ұпай олжалап қайтты.
Кабананга айып алаңы ішінде допты ыңғайына келтіріп алып теппек болғанда, оны алаң иелері итермелеп құлатты. Төреші пенальти берген. 11 метрлік айып соққсысын Конго ДР құрамасының шабуылшысы өзі орындады. Алайда оның тепкен добын Шацкий тойтарды, бірақ кері ұшқан допты Джуниор қайыра теуіп, гол соқты.
Матч соңна дейін бұл есеп өзгерген жоқ. «Астананың» бас бапкері Станимир Стойлов жеңісті уысынан шығарып алмас үшін, қорғанысын күшейтіп, алаңға Юрий Логвиненконы да шығарды. Сөйтіп, елорда клубы әупіріммен жеңіке жетіп, үш ұпай олжалап, бірінші орынға көтерілді.
«Шахтер» – «Астана» – 0:1 (0:0)
Гол: Кабананга, 70.
70-минутта Кабананга пенальти соға алмады.
Ескертулер: Малый, 35. Кабананга, 40. Мангуткин, 70. Бейсебеков, 85.
«Шахтёр»: Шацкий, Мангуткин, Хлебоун, Дмитренко, Тарасов (к) (Тәттібаев, 46), Пикалкин (Ермеков, 69), Сзоке, Валента, Зошак, Шахметов, Хижниченко (Стоянович, 76).
Қосалқы құрам: Багинский, Станоевич, Өміртаев, Путинцев, Әлімбаев, Наджарян,
«Астана»: Мокин, Шайыхов (Логвиненко, 73), Постников, Малый, Шитов, Тағыберген, Бейсебеков (к), Прокопенко (Маевский, 63), Томасов (Жақыпбаев, 90+1), Муртазаев, Кабананга.
Қосалқы құрам: Эрич.
Төрешілер: Атажанов (Шымкент), Бельский (Тараз), Сүйінов (Павлодар).
11 қазан, 2017. Теміртау, «Металлург». 1000 көрермен.