Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы 2017 жылы жеті ойын өткізді. Оның біреуі жолдастық кездесу де, алтауы 2018 жылғы әлем чемпионатының іріктеу додасы аясындағы ресми кездесулері болатын. Доп айырмасы – 4:18.
Осы жеті ойында 26 футболшы Қазақстан құрамасы жейдесін киіп, алаңға шықты. Биыл ұлттық құрама сапында ең көп ойнаған футболшы – Ғафуржан Сүйімбаев (534 минут), ал ең аз ойнағаны – Григорий Сартаков (1 минут).
Енді осы 26 футболшымыздың жеті ойында қанша минут ойнағанына назар аударайық. Бұдан байқайтынымыз, биыл ұлттық құрамамыз әр түрлі себептермен ең үздік ойыншыларымыздың көбісін (Логвиненко, Исламхан, Мұжықов және т.б.) алаңға көп шығармаған...
Қақпашылар:
Давид Лория («Ертіс») – 450 (12 гол жіберіп алды)
Стас Покатилов («Қайрат») – 180 (6 гол жіберіп алды)
Қорғаушылар:
Ғафуржан Сүйімбаев («Қайрат») – 534
Абзал Бейсебеков («Астана») – 480
Елдос Ахметов («Қайрат») – 450
Дмитрий Шомко («Астана») – 426
Юрий Логвиненко («Астана») – 360
Виктор Дмитренко («Тобыл»/«Шахтер») – 279
Сергей Малый («Тобыл»/«Астана») – 244
Дмитрий Мирошниченко («Тобыл») – 114
Ян Вороговский («Қайрат») – 24
Григорий Сартаков («Тобыл») – 1
Жартылай қорғаушылар:
Исламбек Қуат («Қайрат») – 512 (1 гол соқты)
Азат Нұрғалиев («Ордабасы») – 429
Асхат Тағыберген («Астана») – 345
Еркебұлан Тұңғышбаев («Ордабасы») – 206
Аслан Дарабаев («Ертіс») – 196
Бауыржан Исламхан («Қайрат») – 192
Серікжан Мұжықов («Астана») – 191
Мақсат Байжанов («Қайсар») – 152
Георгий Жуков («Қайрат») – 133
Шабуылшылар:
Роман Муртазаев («Астана») – 329
Таңат Нөсербаев («Ордабасы») – 252 (1 гол соқты)
Сергей Хижниченко («Шахтер») – 157
Бауыржан Тұрысбек («Қайрат») – 145 (2 гол соқты)
Алексей Щеткин («Тобыл») – 75