– Құралбек аға, кешегі Румыния – Қазақстан ойыны жайлы сіздің пікіріңізді естісек деп едік.
– Шынын айтсам, мен бұл матчты көрген де жоқпын. Сондықтан, менің тарапымнан пікір білдіру әбестік болатын шығар. Артық айтып қойсам, ертең болып кетер.
– Сіз мұндай ойындардың бірде-бірін жібермеуші едіңіз ғой.
– Ұтылатынымызды білген соң ойынды көрген де жоқпын. Жүрегімді ауыртқым келмеді.
– Ендеше екі күннен кейін өз алаңымызда Арменияны ұта аламыз ба?
– Ұтуымыз керек. Біздің футболшылардың шамасы жетеді деп ойлаймын. Осы маусымның соңғы ойыны, оның үстіне, өз алаңымызда болатын матч. Жанкүйерлердің алдында жігіттер барын салулары тиіс.
– Ал ұлттық құрамамыздың бас бапкері Александр Бородюкті келесі жылға алып қалу қажет деп ойлайсыз ба?
– Ол ұлттық құрамамен қанша уақытқа келісімшартқа отырған?
– Үш жыл ғой. Біріншісі аяқталып қалды. Енді тағы екі жыл қалды.
– Үш жыл? Мәссаған!
– Келесі жылға қалдыру керек деп ойлайсыз ба?
– Білмеймін, еш нәрсе айта алмаймын. Оның жұмысына ҚФФ басшылары, Байшақовтар өздері жауап берсін.