Вернуться к списку статей

Еуро-2018: Қазақстанның қарсыластары – Ресей мен Польша құрамалары

Футбол
1K
Еуро-2018: Қазақстанның қарсыластары - Ресей мен Польша құрамалары
Бүгін Словения астанасы Люблянада 2018 жылғы Еуропа чемпионаты финалдық кезеңінің жеребе тарту рәсімі өтіп, футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасының қарсыластары анықталды.

Әлқиса. 2018 жылғы Еуропа чемпионатының финалдық кезеңі 30 қаңтар мен 10 ақпан аралығында Словения астанасы Люблянада өтеді.

Бразилиялық маман Какау бастаған Қазақстан футзалшылары «Еуро-2018» додасында «В» тобына түсті. Топтық кезеңдегі қарсыластарымыз – Ресей және Польша құрамалары. Бірінші ойынын жерлестеріміз 1 ақпан күні поляктарға қарсы өткізеді.

«Еуро-2018» додасының финалдық кезеңі

«А» тобы: Словения, Италия, Сербия.

«В» тобы: Ресей, Қазақстан, Польша.

«С» тобы: Португалия, Украина, Румыния.

«D» тобы: Испания, Әзірбайжан, Франция.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейінгі Еуропа чемпионаты 2016 жылы Сербия астанасы Белградта өтіп, Ресей және Хорватиямен бір топқа түскен біздің құрама чемпионат қорытындысы бойынша жартылай финалға дейін жетіп, Испаниядан ғана жеңілген. Үшінші орын үшін өткен кездесуде Сербияны 5:2 есебімен тізерлетіп, ел футзалының тарихында тұңғыш рет қола жүлдеге қол жеткізгенбіз. Какау бастаған ұлттық құраманың алдында сол жетістікті қайталау мақсаты тұр.

«Еуро-2018» финалдық кезеңін Люблянаның «Арена Стожице» спорт кешені қабылдайды. Финалдық кезеңде 12 команда үш-үштен төрт топқа бөлінген. Әр топтан ширек финалға үздік екі командадан жолдама алады. Негізі, бұл – финалдық кезеңде 12 команда ойнайтын соңғы Еуропа чемпионаты. Бұдан кейін «Кәртамыс құрлық» додасы төрт жылда бір өтіп, оған 16 құрамадан қатысатын болады.

«Еуро-2018» финалдық кезеңінің ойындар кестесі

ТОПТЫҚ КЕЗЕҢ

30 қаңтар

A тобы: Словения – Сербия

B тобы: Ресей – Польша

31 қаңтар

C тобы: Португалия – Румыния

D тобы: Испания – Франция

1 ақпан

А тобы: Сербия – Италия

B тобы: Польша – Қазақстан
2 ақпан

С тобы: Румыния – Украина

D тобы: Франция – Әзірбайжан

3 ақпан

A тобы: Италия – Словения

B тобы: Қазақстан – Ресей
4 ақпан

C тобы: Украина – Португалия

D тобы: Әзірбайжан – Испания

ШИРЕК ФИНАЛ

5 ақпан

А тобының жеңімпазы – В тобының екінші орын иегері

А тобының екінші орын иегері – В тобының жеңімпазы

6 ақпан

С тобының жеңімпазы – D тобының екінші орын иегері

С тобының екінші орын иегері – D тобының жеңімпазы

ЖАРТЫЛАЙ ФИНАЛ 

8 ақпан

Бірінші ширек финал жеңімпазы – Үшінші ширек финал жеңімпазы

Екінші ширек финал жеңімпазы – Төртінші ширек финал жеңімпазы

ФИНАЛ және ҮШІНШІ ОРЫН ҮШІН ОЙЫН

Автор: Әзиз Жұмаділ
Яндекс.Метрика