Вернуться к списку статей

Жайық жағасындағы жанталас – «Ақжайық» «Атырауды» жеңді

Футбол
1K
 «Ақжайық – «Атырау – 1:0. Фото: rfcatyrau.kz
Бүгін ХХХ турдың үш ойыны өтіп, «Ақжайық» Оралда «Атырауды» қабылдады. Жайық дербиінде алаң иелері жеңіске жетті

Бұл ойынға дейін еліміздің батыс өңіріндегі үш клуб, яғни «Атырау», «Ақтөбе» және «Ақжайық» 9-11 орындарды бөлісіп тұрған болатын. Үшеуі де 27 ойыннан 26 ұпайдан еншілеп, қауіпті аймақта сап түзеп орналасқан-ды. Сондықтан Оралда өткен Батыс дербиі өте маңызды кездесу болатын.

«Ақжайық» тырысты. Тыным таппай, шабуыл ұйымдастыру жолдарын іздестірді. Жеңіске деген жігерліктері басым болды. Жанкештіліктерінің арқасында бір голс оғып жеңіске жетті. Екпін алған Юрий Перцух қорғаушылардан сытылып кетіп, қақпашыны да оңай алдап кетті.

Ал «Атыраудың» футболшылары керісінше, қайсарлық таныта алмады. Жеңіске деген жігерліктері байқалмады. Қимылдары сылбыр, қызғалыстары баяу болды. Құдды, «тең түсек болды» деп, төрешінің ысқырығын тосып, уақыт өткізумен жүргендей. Ал мұндай да уақыт өтуші ма еді?!

Сөйтіп, «Ақжайық» үшінші рет қатарынан жеңіске жетті. Түзде «Ертісті», өз алаңында «Оқжетпес» пен «Атырауды» тізе бүктірді. Үш ойында төрт гол соғып, өз қақпасына доп жіберген жоқ. Соңғы екі ойында жеңісті голды жас шабуылшы Юрий Перцух соқты. Үш ойында – тоғыз ұпай!

Ал «Атырау» болса, соңғы рет ХХІІ турда, 29 шілдеде жеңіске жеткен. Содан бері төрт рет ұтылып, екі рет тең түсті. Алты ойында екі-ақ гол соқты! Ал өз қақпасына 13 гол жіберіп алды. Төмен сырғап келеді. Өрнекті ойын үлгісін көрсете алмай жүр...

«Ақжайық – «Атырау – 1:0 (0:0)

Гол: Перцух, 79.

«Ақжайық»: Котляр, Ерсәлімов, Одибе, Сапанов (к), Шмидт, Говедарица, Главина, Шабаев (Коронель, 90+4), Перцух, Дурович (Тапалов, 51), Дудченко (Аренас, 73).

Қосалқы құрам: Төлебаев, Удалов, Антипов, Заречный, Зұлпықаров, Аяғанов

«Атырау»: Пасеченко (к), Коробов (Қалмұратов, 68), Аблитаров, Лобжанидзе, Обшивач, Абдрахманов, Максимович, Мәжитов, Сикимич, Тәжімбетов (Әбдірахман, 81), Двалишвили (Сүлей, 66).

Қосалқы құрам: Нарзикулов, Саломов, Эсатов, Қайыраллиев, Чичулин, Сергиенко.

Төрешілер: Рахымбаев (Алматы), Айжігітов (Қызылорда), Панин (Қостанай).

20 қыркүйек, 2017. Орал, П.Атоян атындағы стадион. 3000 көрермен.


Автор: Айқын Жаппар
Яндекс.Метрика