Вернуться к списку статей

Құлдырау – Қазақстан құрамасы ФИФА рейтингісінде Қырғызстаннан да төмен тұр

Футбол
1K
Қазақстан құрамасы. Польша. Фото: kff.kz
FIFA-ның ұлттық құрамалар арасындағы рейтингісі бүгін жарияланды. Қыркүйек айында Қазақстан құрамасы 126-орынға табан тіреді.

Бұл айдағы FIFA рейтингісі 2018 жылғы әлем чемпионатының іріктеу турнирі аясындағы ойындардан кейін жаңғыртылды. Қазақстан ұлттық құрамасы қыркүйектің басында екі ойын өткізіп, екеуінде де 0:3 есебімен ұтылған. Әуелі Астанада Црна Гора құрамасынан, іле-шала түзде Польша футболшыларынан ірі есеппен жеңілген...

Әрине, бұл FIFA рейтингісінде кері әсерін тигізді. Қазақстан құрамасы 21 саты төмен құлдырап, 126-орынға табан тіреді. Кері қарай зулағаны соншалық, тіпті көрші Қырғызстан құрамасынан да біршама төмендеп кетті. Жоғары өрлеуіміз қиын да, төмен сырғуымыз оңай болып тұр... 

FIFA рейтингісі. Қыркүйек

1 (2). Германия – 1606 ұпай
2 (1). Бразилия – 1590
3 (6). Португалия – 1386
4 (3). Аргентина – 1325
5 (9). Бельгия – 1265
6 (5). Польша – 1250
7 (4). Швейцария – 1210
8 (10). Франция – 1208
9 (7). Чили – 1195
10 (8). Колумбия – 1191

Әлем чемпионаты іріктеу турнирінің «Е» тобындағы құрамалар:

6 (5). Польша – 1250
26 (46). Дания – 848
37 (52). Црна Гора – 749
41 (42). Румыния – 714
83 (72). Армения – 414
126 (105). Қазақстан – 254

Бізден жоғары орналасқан бұрынғы «көршілеріміз»:

24 (27). Украина – 888
64 (62). Ресей – 558
69 (64). Өзбекстан – 511
77 (71). Беларусь – 454
83 (73). Армения – 414
84 (98). Эстония – 413
92 (79). Әзірбайжан – 388
103 (112). Грузия – 328
120 (99). Литва – 266
122 (127). Қырғызстан – 260


Автор: Нұрғазы Сасаев
Яндекс.Метрика