Сәуір айында жарамсыз етіп тастағаннан кейін Қажымұқан стадионында доп ұшпағанына төрт жарым айдай уақыт болыпты. Сол аралықта «Ордабасы» қонақтарды «Намыстың» алаңында қабылдап жүрді. Дегенмен, шымкенттіктер футболды аса сағына қоймапты. Рас, «Оқжетпес» немесе «Ақжайық» сияқты командалар өздерінің өз алаңындағы ойындарына 5 мыңнан астам ойыншы жиналса, бақыттан бастары айналар еді. Бірақ, «Ордабасы» үшін, миллионға жуық халқы бар Шымкент үшін 5300 көрермен дегенің аса көп емес.
Сонымен, «Ордабасы» шамның жарығында «Таразды» қабылдады. Биылдыққа бұлар үшінші рет кездесіп тұр. Бірінші рет «Тараздың» мерейі үстем болған. Одан кейін «Ордабасы» өз алаңында жауапсыз үш гол соққан. Енді міне, шымкенттіктер көршілерін кезекті рет ұтып тұр. Бұл жолы бір ғана гол айырмашылығымен.
Матчтағы жалғыз голды соғып, алаң иелеріне жеңіс әперген Кирило Ковальчук. Бірінші таймның аяқталуына бес минут қалғанда украиналық легионер қорғаушылардың бірінен серпілген допты тоқтатты да, жерге түсірместен қақпаның тоғыздығына тоғыта салды.
Екінші таймда екі команда да гол соғатын мүмкіндіктерге ие болғанымен таблодағы көрсеткіш сол күйі өзгермеді. Қорытынды есеп – 1:0, кім не десе де биыл «Ордабасы» үшінші орында лайықты келеді.
«Ордабасы» (Шымкент) – «Тараз» 1:0 (1:0)
Гол: Ковальчук, 41 (1:0)
Ескертулер: Смақов 51, Нөсербаев 61, Нұрғалиев 69 – Мане 26, Диара 36, Таубай 75, Кургулин 80
«Ордабасы»: Нурмухаметов, Симчевич, Бочаров, Ковальчук, Вуяклийа (Нөсербаев 46), Петрак, Нұрғалиев Азат (к), Смақов Самат, Ерланов, Төлебек, Тұңғышбаев (Каньяс 66)
Резерв: Бекбаев, Йорданов, Ырысметов, Бейсенов, Мұхтаров, Қожабаев, Жұмаханов.
«Тараз»: Бабаханов, Эргашев, Диара, Фещук, Шипицин, Морис, Мане, Шадманов, Әмірханов (к), Таубай, Воротников
Резерв: Логиновский, Миюшкович, Зайнутдинов, Кургулин, Молтусинов, Нұралы, Байжанов, Қожамберді, Горячий.
Төрешілер: Игорь Чесноков (Өскемен), Олег Богданов, Ринат Якбаров (екеуі де – Семей)
Шымкент қаласы, Қажымұқан стадионы. 5300 көрермен.