Өткен маусымының аяғынан бері Атыраудан Қызылордаға бір жаттықтырушы және бес ойыншы ауысты. Әуелі Болгария маманы Стойчо Младенов келіп, «Қайсардың» бас бапкері болып бекітілді.
Младенов «Атырауға» былтыр маусым айының басында келген болатын. Алайда қамшының сабындай қысқа уақыт ішінде мүнайлы өлкенің клубын үздік алтылыққа алып шыға алмады. Бірақ командасы өрнекті ойын үлгісін көрсетті деуге болады.
Бір қызығы, Болгария маманы «Атырауға» бірде-бір ойыншы ертіп келген жоқ. Владимир Никитенко және Юрий Коньков жасақтаған құраммен ойнады. Өткен жылдың аяғында Сыр еліне ойысты.
«Қайсар» футбол клубы Стойчо Младеновтің бас бапкер болып бекітілгендігін 2016 жылғы 21 қараша күні ресми түрде жариялады. Содан бері Атыраудан Қызылордаға төрт ойыншы ауысты. Олар – Валентин Чуреев, Абдель Азиз Ламанж, Владимир Аржанов, Алексей Мулдаров және Валерий Коробкин.
Жалпы, өткен маусым аяқталғалы «Атырау» сапындағы ресми ауыс-түйістер төмендегідей:
келгендер – Стойчо Младенов (бас бапкер, Болгария, «Атырау»), Мақсат Байжанов («Шахтер»), Евгений Горячий («Шахтер»), Дмитрий Евстигнеев («Тараз»), Ілияс Әмірсейітов («Жетісу»), Джон Банколе Камара (Сьерра-Леоне, «Рига»), Валентин Чуреев («Атырау»), Антон Цирин («Ертіс»), Грегори Нельсон (Нидерланды), Абдель Азиз Ламанж (Франция, «Атырау»), Матиас Курьор (Мартиника, «Локомотив», Болгария) Владимир Аржанов (Украина, «Атырау»), Алексей Мулдаров («Атырау»),Валерий Коробкин («Атырау») және Стефан Николич (Crna Gora, «Радник», Сербия) – ?
кеткендер – Сұлтан Әбілдаев (бас бапкер), Александр Марочкин («Оқжетпес»), Олег Хромцов («Тараз»), Матич Марушко (Словения), Нұржарық Күнов, Арман Нүсіп, Әділет Кеңесбек, Сергей Кейлер, Роман Павинич, Александр Рушинас, Владимир Вяткин...