Вернуться к списку статей

Қазақстан құрамасы әлем чемпиондарымен тең түсті

Футбол
1K
Қазақстан – Аргентина – 0:0. Фото: fifa.com
Футзалдан Таиландта өтіп жатқан халықаралық «Король кубогы» турнирінде Қазақстан қырандары Аргентина құрамасымен тең түсті.

Бұл ойын шектен тыс тартысты өтті. Екі құрама да аянған жоқ. Екеуінің де жеңілгісі келмейді. Аргентина құрамасы 2016 жылы әлем чемпионы атанған. Осы мәртебелеріне дақ түсіргісі келмейді, әрине. Ал біздің жігіттер олардан есе қайтаруды күтіп жүрген...

Бұлай дейтін себебіміз, Қазақстан футзалшылары Колумбияда өткен осы ХІІІ әлем чемпионатында Аргентина құрамасынан 0:1 есебімен ұтылып қалған. Бірақ Оңтүстік Америкада төрешілер әділетті болмаған еді. Олар аргентиналық футзалшылардың дөрекі ойындарына көз жұмып, бәрін де ескерусіз қалдырған еді...

Сондықтан Бангкок төрінде өткен матчта екі құрама да жан алып, жан берді. Бірақ екеуі де гол соға алмады. Аргентина құрамасы тіпті матчтың аяғында айып соққысын орындауға мүмкіндік алып, оны да мүлт жіберді (доп қақпа маңдайшасына тиді).        

Қазақстан – Аргентина – 0:0

Ескертулер: Игита, 19. Дуглас, 40 – Б.Лукас, 25.

Қазақстан: Игита, Кнауб, Нұрғожин, Жаманқұлов, Дуглас, Сүлейменов (к), Довгань, Оразов, Першин, Таку, Ақбалықов, Иманалин, Сағындықов, Рындин, Шамро.

Аргентина: Николас, Дамиан, Сантиаго (к), Константино, Гонсало, Пабло, Гвидо, Б.Лукас, Тр.Лукас, Хуан, Кристиан, Анхель, Себастиан.

Автор: Айқын Жаппар
Яндекс.Метрика