Вернуться к списку статей

Биылғы Президент кубогы Талғарда өтеді

Футбол
1K
Фото kff.kz сайтынан
4 қыркүйек күні Талғардағы еліміздің құрама командалары базасында дәстүрлі Президент кубогы халықаралық турнирі басталады, – деп хабарлайды Қазақстан футбол федерациясының ресми сайты.

Биыл 10-шы рет ұйымдастырылып отырған «ҚР Президенті кубогы» халықаралық турниріне бірнеше елдің жасөспірімдер арасындағы құрамалары қатысады. Олардың құрамдарындағы футболшылар 2001 жылдан кейін туған бозбалалар болуы керек-тін.

Сөйтіп, биылғы дәстүрлі додаға сегіз команда қатысатын болып, 12 тамыз күні жеребесі тартылып, ойындар күнтізбесі бекітіліп те қойған еді. Алайда Түркіменстан жеткіншектері келе алмайтын болыпты. Олардың орындарын еліміздің жасөспірімдер арасындағы екінші құрамасы басады екен.

Президент кубогына қатысатын Қазақстан-2 құрамасы еліміздің U16 және U17 құрамалары ойыншыларымен жасақталатын көрінеді. Бұл команданы кезінде «Қайсардың» сапында ойнаған, одан кейін «Қайсар» және «Тараз» клубтарында жұмыс жасаған, «Байқоңыр» командасының бас бапкеріне көмекші болған Ерлан Махамбедиев жаттықтыратын болыпты.

Жалпы, биылғы Президент кубогы Талғарда өтеді. Топтық ойындар мен шешуші матчтардың барлығы дерлік еліміздің құрама командаларына арналған базаның жасыл алаңдарында өтеді. Тек финал Алматыдағы «Орталық» стадионда өтетін болып шешіліпті.

Сонымен, биылғы «ҚР Президенті кубогы» халықаралық турниріне қатысатын жасөспірімдер арасындағы құрамалар:

«А» тобы:

Қазақстан-1, Қырғызстан, Албания, Грузия

«В» тобы:

Қазақстан-2, Тәжікстан, Өзбекстан, Ресей

Ойындар күнтізбесі:

4 қыркүйек, 1-күн (Талғардағы ұлттық құраманың базасы):

10:00    Қазақстан-2 – Тәжікстан                  (№2 алаң)       

12:00    Албания – Грузия                              (№1 алаң)                   

14:00    Ресей – Өзбекстан                             (№2 алаң)

17:00    Ашылу салтанаты (Талғардағы ұлттық құраманың базасы)

17:30    Қазақстан – Қырғызстан                  (№1 алаң)

5 қыркүйек, 2-күн (Талғардағы ұлттық құраманың базасы):

10:00     Ресей – Қазақстан-2                        (№2 алаң)                   

12:00     Грузия – Қырғызстан                      (№1 алаң)       

14:00     Өзбекстан – Тәжікстан                   (№2 алаң)

17:30     Қазақстан – Албания                       (№1 алаң)

6 қыркүйек, сәрсенбі – Демалыс

7 қыркүйек, 3-күн (Талғардағы ұлттық құраманың базасы):

10:00     Өзбекстан – Қазақстан-2                (№2 алаң)

12:00     Қырғызстан – Албания                   (№1 алаң)       

14:00     Тәжікстан – Ресей                           (№2 алаң)       

17:30     Қазақстан – Грузия                         (№1 алаң)

8 қыркүйек, жұма – Шешуші ойындар және финал  

10:00     7-8 орындар үшін                                                     

12:00     5-6 орындар үшін                             

14:00     3-4 орындар үшін                                                    

18:00     Финал (Алматы. «Орталық» стадион).

Автор: Айқын Жаппар
Яндекс.Метрика